Сәлеметсіз бе! -сәлем, қалайсың? -жақсы, ал сенде ше? - жақсы. -бұл не? - бұл қазақстан. - қазақстанда не бар? -қазақстанда қала көл өзен теңіз тау ауыл жер бар. -қазақстанның қандай қалалары бар? -қазақстанның: өскемен атырау қызылорда қарағанды алматы талдықорған петропавл павлодар актау тараз семей көкшетау жане əсем қала астана бар. - қазақстанда тағы не бар? - қазақстанда үлкен, әдемі кең далалар бар. -жалпы, қазақстан - өте қонақжай ел, қазақстан - сұлулықтың өте үлкен және түсініксіз елі!
Мектепте берілетін білім негіздері – мейілі ауызша, мейілі жазбаша болсын, бәрі де тіл арқылы меңгертіледі. Оқушылар ана тілін жақсы білуі, тіл байлығының мол және сауатының жоғары болуы – ғылымның басқа салаларын терең білуіне, ақыл - ойының кеңеюіне жол ашады. Сондықтан тіл мен әдебиет пәні мұғалімдеріне жүктелер жауапкершілік пен атқарар істің жүгі жеңіл емес екені баршамызға мәлім. Оқушы айтайын деген ойын дұрыс жеткізе білу керек. Сол үшін әр сабақта тіл дамыту жұмыстарын өткіземіз. Тіл дамыту жұмыстары ауызша да, жазбаша да болады.
Ал, осы «Шығармалар жинағына» Қосағаш ауданындағы оқушыларға шығарма жазуда үлгі болсын деп жинақтап отырмыз. Осындай жинақтардың жоқтығынан оқушыларымыз шығарма жазуға шорқақ. Сол себептен шәкірттерге үлгі болсын деген мақсатпен осы үлгіні жазуға ойландық. Осында шығарманы рәсімдеуге қойылатын қандай талаптар бар екенін, қалай жазу керектігін көрсетуде. Ұлы Абай қарасөздерін жазғанда: «Кімге қажет болса, сол жазып алсын, не оқып көрсін, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі» деген еді. Әрине, Абай Құнанбаев - теңдесі жоқ ғұлама. Бірақ болмасаң да ұқсап бақ дегендей, осы жинақ Қосағаш ауданында қазақ тілін білемін деген жас шәкірттерге өте пайдалы демекпіз. Сонымен бұл жинаққа Халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған оқушылардың да шығармалары еніп отыр. Үлгі болсын деген мақсатпен Қазақстанда тұратын отандастарымыздың да шығармаларын кіргізіп отырмыз.
1. Аңыз- ертеде болған зат
2. Ертегі- ойдан шығарылған
3. Жұмбақ- шешімін табу керек зат
4. Шешендік сөз- мағынасы терең сөз
5. Мысал- бір затқа келтірілген сөйлем
Сондықтан дұрыс жауап АҢЫЗ