Сан есім. Тест сұрақтары. І нұсқа. 1.Жинақтық сан есімнің сұрағын табыңыз: А) нешеу? В) нешінші? С) неше? Д) қайсысы? 2. Сан есімді тіркесті табыңыз: А) екінші жыл А) жаңа көйлек С) биік тау Д) алма ағашы 3. Бөлшектік сан есімді анықтаңыз: А) бес В) оннан үш С) қырықта Д) бесеу 4. Арасына дефис қойылатын сан есімді табыңыз: А) бір жарым В) оныншы С) сағат үште Д) он оннан 5. Сан есім мағынасына қарай неше топқа бөлінеді? А) 4 В) 2 С) 6 Д) 5 6. Бір ғасырда неше жыл бар? А) 95 В) 100 С) 70 Д) 150 7. Күрделі реттік сан есімді табыңыз: А) жиырма екі В) он С) отыз бесінші Д) біреу 8. Топтау сан есімді көрсет: А) екіден бір В) екі жүзден С) бір жарым Д) алтау 9. Мақалды толықтырыңыз: рет өлшеп, бір рет кес. А) жеті В) жетеу С) жетінші Д) жетіден 10. Сан есім нені білдіреді? А) заттың сапасын В) заттың санын С) заттың көлемін Д) заттың іс-әрекетін 11. Есептік сан есімді табыңыз: А) бесеу В) он бірінші С) ондаған Д) бес жүз 12.Реттік сан есім жасайтын жұрнақты табыңыз: А) –ыншы, -інші В) –ау, -еу С) –дай, -дей Д) -лы, -лі 13. Дұрыс жазылған сан есімді анықтаңыз: А) жиырмаүш В) 13ке келді С) 7 сынып Д) 1-ақпан 14. Болжалдық сан есім жұрнағын табыңыз: А) –дан, -ден В) -ншы, -нші С) –дай, -дей Д) –лар, -лер 15. Дара сан есімі бар сөйлемді табыңыз: А) Оның үйінде 5- бар екен. В) Ол үшінші бөлмеде жалғыз отыр. С) Жүзге жуық адам бар. Д) Бір жарым сағатта біз жұмысты бітірдік. 16. Жинақтық сан есім нені білдіреді? А) заттың жинақталған санын В) заттың реттік санын С) заттың дәл санын Д) заттың нақты санын 17. «Нешінші?» қай сан есімнің сұрағы? А) есептік
Бауырсақ туралы ертегі (орыс халық ертегісі).
Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Бір күні қарны ашқан шалы кемпіріне: "Кемпір -ау, қамбаның түбін қағып, маған бауырсақ пісіріп берсеңші" депті.
Кемпір қамбаның түбін қағып, елеуішпен елеп, ақырында екі уыс ұн шығарыпты.
Сол ұн мен қаймақты қосып илеп, дөңгелетіп, ыстық майға қуырып, бауырсақ жасапты. Бауырсақ піскен бетте жемей, шал оны суыту үшін терезенің көзіне қойыпты.
Бауырсақ суып тұрып, бір кезде домалай жөнеліпті. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.
Бір кезде алдынан қон шығып: "Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін" депті.
Сонда бауырсақ қоянға: "Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін депті: «Менің атым Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын қоян саған да!»
Содан бауырсақ ары қарай домалай жөнеледі. Бір кезде алдынан қасқыр шығады да: "Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін" депті.
Сонда бауырсақ қоянға: "Қасқыр, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін депті:
Менің атым – Бауырсақ,
Қызарып пістім – көңлім шат.
Қамбаның түбін қырнаған,
Елеуішпен елеген.
Қаймақпенен илеген,
Күйдірмей майға пісірген.
Атайдан да құтылдым,
Әжейден де сытылдым,
Қояннан да құтылдым,
Қасқыр сенен сытылу,
Қиын емес – бұл маған!
Сонымен қасқырдан да құтылып, ары қарай домалай жөнеледі. Аюды кездестіріп, оған да өлең айтып, қаша жөнеледі.
Одан кейін алдынан түлкі шығып, бауырсақ өлеңін тағы да айта жөнеледі. Бірақ қу түлкі өз айласын асыру үшін "Өлеңін жақсы екен, бірақ менің құлағым нашар естиді. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы" -дейді.
Түлкінің тұмсығына домалап шығып, өлеңін айтады. Сол кезде Түлкі
ұстап алып, жеп қойған екен.