Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталары – батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері – үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген.Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын бұйымы – білезік. Ол көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді.Әсіресе зергерлік бұйымдар әйел адам үшін керек.Ол әйел адамның көркіні ашады.
Қазақтар шаңырақты бұрыннан сыйлап келген.Ұл баласы ер жетсе бір шаңырақ иесі деп санаған.Ата-анасының шаңырағым да ең кіші ұлы қалады.Ол ата-анасының қартайған шағында қамқоршы болатын ұлы болады.Сондықтан қазақ халқы ең кенже ұлын шаңырақ иесі деп есептеген. Шаңырақта қалған ұлдың міндеті əке-шешесі қайтқанша қасында болып қамқорлық көрсету.Сол шаңырақты мықтап ұстау ,тоздырмау, қонақжайлы болу.Ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырған үйді киелі тұтып оған құрметпен қарау.Əке-шешесі қайтқаннан кейін де ұлдары мен қыздары қара шаңыраққа деген қамқорлық тарын үзбейді.Ағайын арасындағы татулық қара шаңыраққа деген құрметтерінен білінеді.Туған туыс жиналады да осы қара шаңыраққа жиналады.
78 - жаттығу
1. Бұл - негізгі сөз табы. - Иә
2. Бұл көмекші сөз табы.- Жоқ
3. Заттың сының білдіреді.- Иә
4.Жеке өзі сұраққа жауап бермейді.- Жоқ
5. Сөз бен сөзді байланыстырады.- Иә
Бұл-сын есім