М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Artemij08
Artemij08
08.01.2020 04:50 •  Қазақ тiлi

ІҮ. Жазылым. Бір тақырыпты таңдап, эссе жазыңыз. 1. «Мәңгілік ел идеясы – болашағымыздың бастауы».

2. Айтыс өнерінің қоғамдағы маңызы қандай?

3. «Байқоңыр» – ғарыш айлағының экологияға әсері.

👇
Ответ:
ivolapseb
ivolapseb
08.01.2020
3 Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қажетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат – табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда.

Мұндай химиялық қосылыстардың көбінің токсиндік және концерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, ауылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығының нашарлауына әсерін тигізеді.

Токсиндік және концерогендік қосылыстар клетка құрамына еніп, ДНК молекуласына әсер етеді, хромосомаларын бұзып, нәтижесінде ағзалардың тіршілік ету қабілеттігін төмендетеді.

А қазіргі кезде шамамен 70 мыңға жуық химиялық қосылыстарды пайдалануда, осы көрсеткішке жылына 500-1000-ға жуық химиялық қосылыстар қосылып отырады [1, 41-44 б.].

Әрине, бұл қосылыстар атмосфералық ауа, топырақ, су, өсімдік арқылы адам ағзасына қайта жинақталып, белгілі бір мөлшерде әсер ететіні белгілі.

Табиғи ортаны зиянды заттармен ластайтын орындардың бірі – ғарышқа зымырандар ұшыратын әскери-өндіріс кешендерінің жұмысы.

Қорғаныс министрлігінің негізгі экологиялық мәселелер жөніндегі тізімі бойынша табиғаттың ғарыш зымырандарынан ластануы әскери техникалар мен қару-жарақтарды жою және радиоактивті ластанудан кейін үшінші орын алады.

Ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарыш айлағының бірі – «Байқоңыр».

«Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Қызылорда облысының территориясында орналасқан, жалпы көлемі 6,7 мың км2 жерді алып жатыр.

Аймақтың рельефі – тұздытопырақты, жылжымалы құмды төмпешіктерден тұрады. Өсімдік түрлері көп, бірақ сирек орналасқан, негізінен эфермелерден тұрады, шілде айының ортасына дейін сақталып, сонан соң күйіп кетеді. Бір жылдың үш жүз күнінде жел соғып, оның 17-38 күнінде шаңды борандар тұрады.

Көптеген ғылыми зерттеулер ауа ылғалдылығының төмендеуін, жылдың әр мезгілінде температураның күрт өзгеруін ғарыш ұшу аппараттарының жұмысымен байланыстырады.
4,5(21 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
zelenkadi
zelenkadi
08.01.2020
Астана - бас қала
Мен үшін біздің елордамыз - әлемдегі әсем де көркемдікке толы жас қала. Тарихи деректерге сүйенсек 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Астана қаласын «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді. Әлемдегі екі астана атауы «Астана» деген мағына береді: Сеул және Астана қалалары. 
Астананың көрікті жерлерімен барлық халқымыз таныс деуге де болады, ол бәрімізге танымал - "Астана-Бәйтерек" манументі, Бейбітшілік және келісім сарайы, Сулы-жасыл жолжелек, Ақ Орда, ҚР бірінші  Президентінің мұражайы, «Думан» ойын-сауық кешені, "Хан шатыр", "Мега", "Сарыарқа" және т.б. сауда-ойын-сауық орталықтары.  
Бұл аз да болса ел жетістігі, алда Астананы әлі де үлкен белестер күтуде. Солардың бірі - EXPO 2017
4,6(69 оценок)
Ответ:
karolina85
karolina85
08.01.2020

Қыран құсты қастерлеген халықпыз.

Қыран құс - жыртқыш,жылдам әрі епті құс.Ал,көшпелі халықтарда,әсіресе,қазақтарда қыран құсты ерекше қастерлеген.Біздер үшін ол  батырлықтың,еркіндіктің,алғырлықтың белгісі іспеттес.Республикамыздың мемлекеттік көк байрағында да азаттықтың айбыны ретінде алтын қыран құс бейнеленгені соның дәлелі.Байырғы замандарда қыран құсқа "Құс патшасы","Қанаттылар ханы","Құдайдың қазаққа еншілес берген құны" деп мадақтап,оның қастерлігін одан әрі танытқан.Бұнымен қоса қыран құстың ел ішінде құны да жоғар болған.Мысалы,Жеті жарғы заңында аңға салатын итті,бүркітті өлтірген адамнан олардың иесіне бір құл немесе бір күң беріледі делінген.Қыран құсты қолға үйретіп,баптап,саятшылыққа пайдалану қазақ халқының ежелден келе жатқан өнері,дәстүрі десек те болады.Қыран бүркіт Жеті қазынаның бірі екендігі тағы бар.Осының барлығы қыран құстың біздің халқымыздың тарихы мен бүгінінде,тұрмысы мен дәстүрінде алар орнының зор екендігін білдіреді ғой.

4,5(83 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ