Өткенге көз жүгіртер болсақ, өмірі өнегеге толы талай жандар бар екенін байқаймыз. Алайда олардың өмірі жайлы аз толғап жататынымыз да рас. Араға жылдар салып, олар жайлы айту кейінгі ұрпақтың басты міндеті.
Ұлы Отан соғысының бұрынғы ардагері, марқұм Қожамқұлов Жақатайдың жары бүгінде 94 жастағы кейуана Тұрсынкүл анамыз 1920 жылғы мамыр айының 30-ы күні өмірге келген. Бұлаңдап өсіп, бойжеткен Тұрсынкүл қыз болашақ жарымен танысып, екі жас 1939 жылы отау құрады. Содан, 1941 жылғы қаңтар айының 25-і күні тұңғышы – Зәтикүл жарық дүние есігін ашады.
Ел басына күн туған сонау аласапыран 1941 жылы ері Жақатай жиырма үш жасында алғашқылардың бірі болып көппен бірге майданға аттанады. Ал, ауылда қалған жары Тұрсынкүл болса Құмбел ауылында дала еңбегінің көрігін қыздыруға атсалысады. Сөйтіп жас бойжеткен ерте еңбекке араласып, Үштөбе, Қарақұм, Құмбел ауылдарының ауыл шаруашылығы жұмыстарында тер төгеді. Тоған қазып, астық орды. Шөп шауып, қоғамдық мал азығын дайындады.
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады. Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен табиғатты сақтау. Сол себепті сізге айтарым , бүкіл қазақ еліне , жер бетіне айтқым келетіні табиғатымызды қорғайық. Не де болсада біз табиғат арқылы күн көріп жүрміз, табиғат ана деп бекер айтпаған. Егер сіз табиғатты қалай қорғау керегін білсеңіз онда ойыңызбен бөлісіңіз.