«Неліктен адамдар мамандықтары бойынша жұмыс істемейді?»
«Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек» деп жатады үлкен кісілер. Бірі жар таңдау болса, екіншісі мамандық таңдау. Яғни, таңдаған мамандығымыз біздің өмірлік нанымыз екенін есте ұстаған жөн.
Ғаламтор бетінде жарияланған мәліметтерге сүйенсек, елімізде екі миллионнан астам жастар өз мамандықтары бойынша жұмыс істемейді екен, басқа сөзбен айтқанда дипломдары бар, бірақ жұмыстары жоқ. Бұл қазіргі қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Бұның себебі неде деп ойлайсыздар?
Менің ойымша, бұл мамандықта дұрыс таңдамау салдарынан орын алады. Себебі, қазіргі жастар заманауи мамандық таңдауға көп көңіл бөліп, ал жұмыс істеуге келгенде оны игере алмай жатады. Яғни, әрбір мектеп бітіруші түлек мамандық таңдар алдында өз – өзіне "ол маған не үшін керек?", "мен өмір бойы осы салада жұмыс істей аламын ба?", "бұл мамандықтың қыры мен сыры қандай?" деген сұрақтар қойып, ойланғаны дұрыс. Сонымен қатар, әр жоғары оқу оырндары арнайы жас түлектер үшін ашық есік күндерін өткізеді. Сол жерде кәсіби бағыт – бағдар беретін мамандырмен тілдесіп, кеңес алған дұрыс деп есептеймін. Сонда елімізде дипломы басқа саладан, өздері мүлде басқа салада жұмыс істеп жүрген жастар қатары азаяды деп ойлаймын.
Таза ауа–денсаулық кепілі. Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады.Ауа мөлдір түссіз.Ауаның пішіні жоқ. Ең алдымен ауадағы оттегі өкпеге барады, ол бүкіл ағзаға тарайды. Зиянды заттармен тыныс алған адам тез шаршайды. Ол әр түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін. Адам жақсы демалуы үшін оған таза ауа қажет. Теңіз жағалауында, орман ішінде таза ауа болады. Ауаға зиян келтіретін экологиялық жағдайлар болады.
Ал жер бетіндегі ауа құрамында денсаулыққа зиянды қоспалар араласып жүреді. Әсіресе өндірістік қалаларда ауа көп ластанады. Ауаның тазалығын сақтауы үшін ірі кәсіп орындар фабрика, зауыттар, жылу орталықтарының моржаларына қондырғылар орнатылады.Бензинмен жүретін көліктер көп мөлшерде ұлы заттарды бөліп шығарады. Айналадағы ауаның тазалығын сақтауда көгалдандыруды маңызы зор.
Өсімдік ауа құрамындағы көмірқышқыл газын, зиянды заттарды, шаңды жұтып оның орнына оттегі бөліп шығарады. Әр адам жасыл өсімдіктерді отырғызуға атсалысуы керек.
Экологиялық жағдайлар
Табиғаттың әр – түрлі құбылыстар болады. Мысалы, отын жанғанда, завод, фабрикалар жұмыс істеп тұрғанда аз мөлшерде кездейсоқ газдар ауаға таралуы мүмкін. Ал көмір бензин және т.б. отындар толық жанбаса ауаға күйе, иіс газы, тағы басқа газдар таралады. Көліктерді қозғалтқыштары да ауаға улы газдар таратады, бұл газдар да қоршаған ортаның бүлінуіне әкеліп соғады. Кез-келген жерге қоқыс тастау. Бұлардың барлығы ауаны ластайды. Ауаны ластанудан сақтау. Кез-келген жерге қоқыс тастамау. Табиғатқа көгалдандыру жұмыстарын жүргізу. Өсімдіктермен жан –жануарларды қорғауымыз керек.
Мен жазғы демалысымды қалай өткіздім?
Биыл менің жазғы демалысым өте қызықты өтті. Демалыс басталысымен мен нағашы атам мен әжеме ауылға бардым. Жайлауға мал жаюға көмектестім. Әжемнің дайындаған құрт, май, ірімшік пен қаймағын жеп, қолдың сүтін ішіп, біраз күш жинадым. Ауылдағы достарыммен күнде кешкісін футбол ойнадық. Осылай бір ай уақытым зымырап өтіп кетті.
Ауылдан қайтып келген соң, мен жазғы лагерьге демалуға бардым. Ондағы өткізген әрбір күн өз ерекшелігімен есте қалды. Күнделікті түрлі - түрлі сайыстар өткізіліп, біз барлығына белсене қатысып, жүлделі орындарға да ие болдық. Ол жерде көп балалармен танысып, жаңа достар таптым.
Лагерьден қайтып үйге келген соң, отбасымызбен шетелге қыдыруға бардық. Бұл менің шетелге алғаш баруым болды. Ұшаққа да алғаш мінген едім. Біз онда түрлі мұражайларға бардық, саябақтарда серуендеп, мұхитта суға түстік.
Биылғы жазғы демалысым өзіме қатты ұнады. Жаңа оқу жылына біраз күш жинап, өте жақсы демалдым.