М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
fsdfsdfdsfsdfsdf
fsdfsdfdsfsdfsdf
04.04.2022 06:18 •  Қазақ тiлi

Назовите какие есть казахские народные инструменты

👇
Ответ:
Сонечко1001
Сонечко1001
04.04.2022
Казахские муз.инструменты-домбра,кыл-кобыз,кобыз(прима),сазсырнай, сыбызғы,шертер,жетіген,даңғара,шаңқобыз,үскірік
4,6(45 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Мэй15
Мэй15
04.04.2022

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі салтанат құрған жылдары қазақ прозасындағы халық тарихының бұрын шығармалар арқауына асынбаған тұстары, тарихи тұлғалары көркем шындық поэтикасы өрнектерімен жазыла бастады.

    Осындай шығармашылық үрдіс жемістері қатарына көрнекті жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» тарихи романы да қосылды. Романның тақырыбы – Қазақстан тарихында «Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы» атымен әйгілі болған халықтың тағдырындағы Ресейдің отарлық билеу кезеңінің оқиғалары. «Тар кезең» романының идеясы – Ресейдің отарлау саясатындағы озбырлықтардың (атақоныстардан, жайылымдардан еріксіз айыру, жазықсыз ауылдарды шауып, адамдарды өлтіру, тонау, барымталау, өзішілік басқару жүйесіне тиым салу, т.б.) етек алуына халықтық қарсыласу қуатын таныту. Жазушының «Тар кезең» тарихи романына арқау болған сюжеттік-композициялық желілердегі қақтығыстар, қазіргі «Қазақстан тарихының» жаңаша жазылған тарихнамалық-дерекнамалық деректі тұжырымдары негізінде жазылғандығымен ерекшеленеді.

 Қазақ тарихындағы отаршылдық пен ұлттық тәуелсіздік арасындағы қайшылықтар, қақтығыстар мол орын алған кезең эпикалық шығарманың құрылысында қамтылған.

   «Тар кезең» романының жеті тарауындағы сюжеттік-композициялық желілерде мынадай оқиғалар эпикалық көлеммен қамтылған: біріншісі – Ресей патшалығының әкімшілік жүйесінің қазақ өлкесін мемлекеттік ішкі саясат аясындағы генерал-губернаторлық басқару жүйесінің ерекшелігі; екіншісі – Кіші жүз хандығы басқару жүйесінің дәстүрлі жолы мен оның отарлық әкімшілігіне тәуелділік сипаты; үшіншісі – Ресейдің отаршыл озбырлық іс-әрекеттеріне тыйым салу қарсылығын танытушы «Халық кеңесінің» құрылғаны, оған үш ата өкілдерінің (Әлімұлын – Шекті Сегізбай биге, Байұлын – Шеркеш Тұрманбет биге, Жетіруды – Табын Тіленші биге) мүшелері болғаны, Халық кеңесінің Төбе биінің (Байбақты Сырым би), Төбе бидің кеңесшілерінің (Ысық Қаратау би және Кете Көккөз би) сайланғаны. Романда қазақ тарихына есімдері мәлім осындай көрнекті адамдар көркем бейнелерінің сомдалуы, оқиғалар барысындағы олардың іс-әрекеттері, монологтары, портреттері, т.б. ерекшеліктер көркемдік қолданыстар арқылы дәлелдеген.

    Романның негізгі басты кейіпкері – Сырым Датұлы (1753-1802). Оның есімі қазақ тарихындағы би-шешендер, батырлар дәстүріне арналған тарихнамалық-дерекнамалық шежірелік мұраларда, ел аузындағы әңгімелерде, фольклортану, әдебиеттану, Қазақстан тарихы зерттеулерінде қарастырылып, бағаланып келгені мәлім. Үнемі назарда келе жатқан қайраткер тұлғаның романға арқау болғаны – Тәуелсіз Қазақстан әдебиетіне тән жаңалық көрсеткіші. Сырым Датұлының белгілі тарихи кезеңдегі Ресей отаршылдығына қарсылық іс-әрекеттері романдағы көркем шындық поэтикасының эстетикалық сипатымен өрнектелген. Ресейдің отаршылдық халықты басқарған саясатын қазақ даласында жүзеге асырушы казак-орыстар қазақ ауылдарын барымталап, ауылдарды ойрандаса, Сырым батыр да олардың күтірлерін (хуторларын) шабады.

  Отаршылдардың арнайы жазалау жорықтарынан қорғанып, қарауындағы елді бұрынғы қоныстарынан (Қырмызы, Қособа, Мақарша, Қарағұс, Қосағаш, Көкайыл, Бөлекқұмақ, Жетікөл, Тұздыкөл, Жосалы, Қоңыр, Талдыбұлақ, Тасқұдық, т.б.) көшіріп, жаңа қоныстарға (Қалдығайтының сыртындағы Қарақамыстық қойны, Көшекбасар, Ишқымбай, Жібек, Сұлукөл, Жем, Сағыздың жоғарғы жағы, бес өзеннің бастауы – Бестамақ пен Саға, т.б.) орналастырады.

4,5(79 оценок)
Ответ:
Xoroshiyi
Xoroshiyi
04.04.2022
Жер бетіндегі тіршілік үшін судың мәні зор . су болмаса , өсімдік өспейді . жануарлар да , да сусыз тірішілік ете алмайды . фабрикалар мен зауыттардың жұмысына да су қажет .сусыз ас дайындау да мүмкін емес . суды ішеміз , сумен жуынамыз , кір жуамыз .мұхит , теңіз , өзен – көлдер табиғатқа ерекше тартымдылық түр береді . өзен – көлдердің жағасы керемет демалыс орны ретінде пайдаланылады. жер бетінде су көп . бірақ мұхиттар мен теңіз сулары ащы болып келеді.ң пайдалануына тұщы су қажет . тұщы сулар өзен – көлдерде , мұздықтарда және жер астында кездеседі . жер бетінде тұщы су қоры күннен – күнге азаюда . оның азаюына ң әсері көп . жер бетіндегі әр суды қорғауы тиіс . зауыт , фабрикалардан шыққан қалдықтарды өзен – көлдерге ағызбаған дұрыс . ауылды жерде су қоймаларына мал фермасының лас қалдықтары түспеу жағы қадағаланады. жер бетіндегі тұщы судың азайғандығын әр ескеруі тиіс . суды үнемді пайдалану керек . егер су құбырының шүмегінен судың тамшылап тұрғанын көрсең , оны бұрап бекіт . суды ретсіз шашып , ысырап етуге болмайды. өміріндегі судың маңызы сусыз тіршілік жоқ, егер де бір аптаға жуық су ішпесе, өмір сүруін тоқтатады, күн сайын шамамен 3 литрдей суды ішеді.су бойында қан айналымды жақсартып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді . егер де ң денесінен 1,5л су ағзадан буланса немесе тер күйінде шықса, қаталап шөлдейді. шөлге қарсы 3т күннен артық күресе алмайды.егер денесіндегі судың 6-8 %азайса , жартылай есінен танып қалады.10% азайса сілекейін жұтады,ал 12% кемісе өліп кетеді. су ішпей 5-7 күн жүре алады. ға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.суды тамақ пісіруге , ішуге , жуынуға , кір жууға , бояуларға қосуға (бейнелеу өнері) ,тіпті судан электр қуатын өндіреді.су жол (өзен, теңіз, көліктері, ағаштарды су арқылы ағызып тасымалдаушы) .су – еңбегінің көмекшісі (егістік, зауыт, фабрика) .су – қозғалтқыш (паровоз, пароход) .
4,6(41 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ