М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
LEH9
LEH9
25.03.2020 23:23 •  Қазақ тiлi

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық – өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сəтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жəрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері əртүрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екіжүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дəстүрлі əдеп жүйесіндедостыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мəтелдер жеткілікті: «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады», «Досы жақсының, өзі де жақсы», «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бəрі соның басында», «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос». Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі.
Достық – бұл өмірдегі еш нəрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Сенім мен жарқын көңіл достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады жəне жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Достық деген сезім сені шынайылыққа, адалдыққа үйретеді.
Достық туралынақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза жəне адал қарым- қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бəрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген.
Барлығымыз арамызға достықтың дəнін егіп, ол ағашымызға қарап, суландырып тұрсақ, арадан қанша уақыт өтсе де, ол ағашымыз жайқалып, жапырақтары қаулап өседі. Адамның күні адаммен болғандықтан, кіммен болсын қарым-қатынасқа бей-жай қарауға болмайды. Мұнда зор жауапкершілік қажет. Досына қарап адамды тануға болады. Адам өзі қандай болса, дəл сондай адамға ұшырасады, дəл өзіндей адамды жақын тартады. Сондықтан нағыз дос іздесеңіз, өзіңізді-өзіңіз кемелдендіруге тырысып, ұдайы рухани өсу үстінде болып, өзгенің сізге емес, сіздің өзгеге нағыз дос бола білуіңізді ойлау қажет.
(303 сөз)

1-тапсырма
Мəтіннен мына сөздерді сəйкес мағыналарын табыңыз.
Адамға - [1] Көмектеседі - [1]
Зор - Жау - Керек -
[1] [1] [1]

👇
Ответ:
katy3105
katy3105
25.03.2020

ответ: 1. Адамға - кісіге

2. Көмектеседі - жәрдемдеседі

3. Зор - үлкен

4. Жау - қас

5. КЕРЕК - Қажет

4,5(63 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Artem030405
Artem030405
25.03.2020

Есмағамбеттін, бұл сапары ауылына төрт жылдан кейінгі оралуы еді. Содан болар, таңертеңгі поездан түскен бойдағы қарсы алушы туыстары, достарымен болған ұшырасудың ѳзі кәдімгідей у-дулы болды. Біреулері құшақтап, біреулері сүйіп, тағы біреулері осы бір алас-қапаста-ақ мұның, шаруасын айтып қалып жатты. Күтіп тұрған жеңіл машиналарға мінулері, сосын аудан орталығында тұратын немере атасы Балмағамбеттің үйінің ауласына келіп, түсіп жатуларының ѳзі абыр-дабырға, күлкіге толы қуаныш болып жатты. Бұл арада да құшақтасулар… Сүйісулер… Және поезда қарсы алғандары бар, аулада қарсы алғандары бар жапырласып, әлі де ауыз жиып болмаған абыр-дабыр әңгімелерімен, асып тѳгілген мол күлкілерімен түгел үйге кіріп, жаюлы дастарханға жағалай қонақтасып жатты. Алдымен шай ішіліп, сосын ет желінді. Бұл аралықта ағайын-туыс, дос-жарандардың біразы ѳз шаруаларымен конақтан рұқсат алып кетіп, оның, есесіне тағы бір топ жаңадан келіп, әйтеуір арқа-жарқа кѳңіл мен қуаныштан ортайған жоқ. Кайта ас кезін әдейі меңзеп келгендей жаңадан келушілер тым кѳбейіп кеткендіктен де ет табаққа алты-жеті кісіден қонақтасып, сығылысыңқырап отырысқан жайлары бар.

Ауыл-үйдің, ағайын арасының ѳсегі, жаңалықтары кѳп айтылғандықтан да астан кейінгі шай ұзак ішіліп, дастархан жиналған кезде, қошеметші ағайын—достар түгел орындарынан тұрып, қайтуға беттегенде, танертеңнен бері тақымы жазылмастан отырған Есмағамбет те бұл тұста сыртқы ѳзгелермен ілесе шыққан. Ұзаққа созылған абыр-дабырдан кейін жалғыз қалып, әртүрлі жеміс ағаштары мен кѳкѳністер ѳскен аулада әрлі-берлі жүру де ол үшін айтарлықтай бір демалыс еді. Күн талтүс болып қалған екен.

Объяснение:

4,5(95 оценок)
Ответ:
хорошист488
хорошист488
25.03.2020

Əл-Хорезми-Үндістан арифметикасы ,Алгебра,Астрономия таблицалары,жер шары бейнесінің кітабы,күн сағаттары туралы кітап,тарих кітабы  

 

Ибн Сина-Китаб əл-Шифа, Даниш-намэ, намэ, дәрігерлік ғылым  

 

Əл-бируни-жұлдыздар жайлы, үндістан еңбегі, бұрынғы ұрпақтар ескерткіші, геодезия  

 

Әбу-Л-Хасан Рудаки, Әбу Абдаллах Жафар Рудаки — тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы, философ. Заманында “Ақындар атасы” атанған.

Туындыларының ішінен бізге жеткені “Шарап туралы” қасида, “Кәрілік туралы” ода, 40-қа жуық әр түрлі жанрдағы жырлар.

 

Һакім Әбілқасым Фирдауси Туси - «Шахнама» , бір адаммен жазылған әлемдегі ең созылмалы эпикалық поэманың авторы. Фирдауси әдебиет тарихындағы дүр ақындардың бірі және парсы әдебиетіндегі ең көрнекті тұлғасы болып саналады. Иран, Тәжікстан мен Ауғанстан елдерінің ұлттық ақыны.

 

Əлішер Науаи-Фархад пен шырын,ескендір дуалы

4,5(59 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ