ответ:
– саламатсыз ба,апай!
– саламатсыңдар ма,? көңіл-күйлерің қалай?
– жақсы.
– ендеше үй тапсырмасына не беріліп еді?
– компьютердің пайдасы мен зияны туралы ауызша дайындалып келу.
– жарайды,онда дайындалуға 5 минут берем.сонан соң сабақ сұраймын.
* * *
– ал кім маған компьютердің пайдасы туралы айтып береді?
– апай,мен айтайыншы!
– қане,айта ғой,бекет.
– компьютер,ең біріншіден,еңбек өнімділігін арттырады.яғни,аз ғана уақыт ішінде сіз іздеген ақпаратыңызды тауып,есеп жүргізіп,кесте сыза аласыз.компьютер арқылы соншама қашықтыққа қарамастан алыстағы қарым-қатынас жасай аласыз.үшіншіден,әрине,уақытыңызды көңілді өткізе аласыз.компьютермен фильмдер көріп,ойын ойнай аласыз.
– өте жақсы.отыра ғой, бекет.барлығың оған қосыласыңдар ма?
– ия!
– ал компьютердің зияны туралы кім сөз қозғағысы келеді?
– мен! мен!
– тынышталамыз,оқушылар! аяулым,сен айтып көрші.
– компьютер денсаулыққа біршама зияндық әкеледі.көп отырсақ,көзіміз белгілі бір қашықтықтан көрмей қалуы әбден мүмкін.дұрыс отырмаудың әсерінен омыртқа тірегі бұзылады.әрі компьютерден радиациялық сәулелер бөлінеді.көп отырсақ тамаққа деген тәбет бұзылады.ұйқы,зейін қою да баяулайды.және компьютерден тәуелді болып қалу мүмкіндігі де жоғары.
– жарайсың,аяулым! қосарларың бар ма?
– және де компьютердің әсерінен ң психикасы да бұзылуы мүмкін.
– дұрыс айтасың,диана.сонымен,егер уақытымен пайдаланып,арасында жаттығу жасап тұрсақ,компьютердің зиянын көрмейміз ғой?
– ия!
– жарайсыңдар.үй тапсырмасына барлығың да дайындалып келіпсіңдер.жаңа сабақ бастайық.
Әдебиет мәселелері жөнінде Шоқан – сол кездің өзінде – ақ көп тың пікірлер айтқан ғалым. «Қазақ халық поэзиясының түрлері» зерттеу еңбегіне тоқталатын болсақ, мұнда Шоқан халықтың әдебиетіне оның қоғамдық, әлеуметтік өмірімен тығыз байланыстыра қарайды. Әсіресе оның қазақ поэзиясының халықтық сипаттарын ерекшелегені қызғылықты. Поэзияны халықтың рухани серігіне санайды. Бұл жайлы «Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырып салма ақындар мен жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмытылмастай етіп белгілі бір сыбызғышысы не қобызшы музыканттар тастап кеткен», - деп жазады. Өмір шындығының ұқсастығы әдебиетте де тақырып, сюжет ұқсастығын туғызатынын Шоқан қазақ пен араб поэзиясын салыстыра отырып та көркем тілмен нақышында суреттейді. Көшпелі халықтардағы өлеңді суырып салып айту өнерінің күштілігіне назар аударады. Қазақ поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттей отырып, қазақтың өлең құрылысымен орыс ғалымдарын таныстыруды ойлаған. Қорыта айтқанда, Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел. Өйткені, ол өз еліне шын берілген қазақ тұрмысын ардақтаушы үздік тұлға.