М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
juliyakam
juliyakam
16.04.2022 05:12 •  Қазақ тiлi

С ТЕСТОМ 1.Ұяң дауыссызға аяқталған сөз
А) қыс В) сан С) Болат Д) таң Е) жүз
2.Антоним сөзі бар мақал-мәтел
А) Ақылың аз, ашуың көп болса – қор боласың. В) Татулық – табылмас бақыт.
С) Адал достық алтыннан да қымбат. Д) Тіл-достықтың алтын көпірі
Е) Ашуың келсе, қолың тарт.
3.Мұхтар Әуезовтің шығармасын табыңыз
A) «Абай жолы» роман-эпопеясы B) Ғылым таппай мақтанбы
C) Жабайы алма D) Қаздар қайтып барады E) Көкшетау
4.Қазақ тілінде неше септік бар.
А) алты септік В) жеті септік С) сегіз септік Д) бес септік Е) тоғыз септік
5. Омонимдер дегеніміз –
А) жазылуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздер В) мағыналары бірдей сөздер
С) мағыналары қарама-қарсы сөздер Д) көп мағыналы сөздер
Е) мағынасы жоқ сөздер
6.Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.
А) Анау бала. B) Менің әжем. С) Алты адам.
D) Әдемі қыз. Е) білім алу
7. Жалқы зат есімді белгілеңіз.
А) бала В) көл С) оқушы Д) Бурабай Е) Тау.
8. Сын есім қандай сөз табы?
А) Заттың санын білдіретін сөз табы. В) Заттың іс-қимылын білдіретін сөз табы.
С) Заттың атын білдіретін сөз табы. Д) Адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз табы. Е) Заттың сынын, сапасын білдіретін сөз табы
9.Синоним сөздерді көрсетіңіз.
А). Бас, қол В). Ол, мен, сен С). ана, шеше D). Он, жиырма. Е). Кеше, ертең
10. Мемлекеттік Елтаңбаның авторларын анықтаңыз.
А). Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов. В) Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков С) Шәкен Ниязбеков, Жандарбек Мәлібеков.
D) Шота Уәлиханов, Жұмекен Нәжімеденов
Е) Жандарбек Мәлібеков, Шәмші Қалдаяқов.
11. Абай қай қалада білім алды?
А) Қызылжар В) Семей С) Қостанай Д) Омбы Е) Орынбор
12. . «Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол
Адам болсам десеңіз - ...»
өлеңінің авторын табыңыз.
А) Сәкен В) Мағжан С) Ыбырай D) Шәкәрім Е) Абай
13.Абай қай жылы дүниеге келгенін белгілеңіз.
А) 1889 В) 1845 С) 1904 D) 1841? Е) 1885
14.Жанды зат есім қатарын табыңыз.
А) Бала, әке, іні В) Кітап, әке, бала С) Іні, әке, дәстүр
D) Дәстүр, әке, тағам Е) Тағам, азық, жұрт
15.Берілген дыбыстың анықтамасын белгілеңіз.
[а ] - ...
А) Дауысты, жіңішке, езулік, қысаң В) Дауысты, жуан, еріндік, ашық
С) Дауысты, жуан, езулік, қысаң Д) Дауыcты, жіңішке, еріндік, қысаң
Е) Дауысты, жуан, езулік, ашық
16.Заттың түрін, түсін, дәмін, сапасын білдіретін сөз табын көрсетіңіз.
А) Зат есім В) Сан есім С) Етістік D) Сын есім Е) Есімдік
17. «Абай жолы» роман-эпопеясы неше кітаптан тұрады?.
А) 4 В) 3 С) 5 D) 2 Е) 6
18.Лексика зерттейтін саланы белгілеңіз.
А) Сөз табы В) Сөйлем мүшелері С) Сөз мағынасы
D) Тіл дыбыстарын Е) Тыныс белгілері
19.Қай сөзде «у» әрпі дауысты дыбыс болып тұр?
А) бару В) дауыс С) ақау Д) ауа Е) тау
20. Антонимдер қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Оның екі ұл баласы бар. B) Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы айтылды. C) Үлкендері, кішілері үйге кірді. D) Ол күрделі сынақтан өтті.
Е) Киіз үй орнатылды.
21.Тәуелдік жалғауларын табыңыз
А) –мын,-мін,-бын, -бін, - пын,-пін; В) -бен, -мен, -пен; С) -м, - ым, - ім.
D) -ға, -ге, -қа. Е) –нан, - нен, - дан, - ден
22. Қабдещ Жұмаділовтың шығармасын көрсетіңіз.
А) «Көкшетау» поэмасы В) «Жабайы алма» С) «Жетісу суреттері»
D) «Қаздар қайтып барады» повесі Е) «Жусан иісі»
23. Маусымдық көші-қон деген не?
А) елден сырт жерге көшіп кету, елге көшіп келу В) ел ішінде қоныс аудару С) тым ұзақ мерзімге қоныс аудару D) жылдың белгілі бір кезеңінде орын ауыстыру Е) басқа жердегі жұмыс, оқу орындарына ұдайы әрлі-бері жүріп-тұратын көші-қон
24. Дара зат есімді көрсетіңіз.
А) тұрған В) оқыды С) күшті Д) қиял Е) ата-ана
25. Күрделі зат есімді табыңыз.
А) зейін В) білгіш С) әдеп-ғұрып Д) күш Е) бос

👇
Ответ:
Andy01
Andy01
16.04.2022
1. Е)
2. А)
3.А)
4. В)
5. А)
6.D)
7. Д
8. Е
9. С
10.В
11. В
12 Е
13. В
14.А
15. Е
16.В
17. А
18. С
19. А
20.С
21С
22. D
23.
24.Д
25.С
4,6(38 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
stentani97
stentani97
16.04.2022

Объяснение:

Бақытты отбасы дегенде көпшілігіміздің көз алдымызға қайратты әке, мейірімді ана, жадыраған балалар келеді. Шынында да солай. Отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Жанұя мүшелерінің сыйластығы, махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр.

А өмірді отбасы арқылы тани бастайды, яғни ең маңызды базалық танымды отбасынан алады. Ата-анасы, бауырлары баланың өмірінде үлкен рөл атқарады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі,» – деп бекер айтылмаса керек. Отбасы – баланың эмоционалды, рухани құндылықтарды бойына сіңіретін ортасы. Ата-анасы балаға тәлім-тәрбие береді, жақсы мен жаманды, адамдармен қарым-қатынас жасауды  үйретеді. Басқа сөзбен айтқанда, отбасы – үлкен өмірге дайындайтын мектеп. Ал сапалы «білімді» қайдан, қандай ортадан алуға болады? Әрине, өзара гармонияда, бақытты ортада өмір сүретін, сол бақытты жасай алатын адамдардан алады. Осындай бірлігі жарасқан отбасынан шыққан адам ғана өзінің отбасын бақытты ете алады, өмірде жолы болатын тұлға ретінде қалыптасады.

Менің де отбасым ең бақытты жанұя деп ойлаймын. Қасымда қорған болар әкешім, әлемдегі ең мейірімді жан – анашым бар. Кез келген уақытта қысылмай көмек сұрай алатын, мен дегенде жаны бөлек бауырларымның ортасындамын. Таңертең анам бетімнен сүйіп оятады, сабақтан қайтқанда да солай. Кейде туған үйімнің жылуы анашымның ыстық құшағында шығар деп ойлаймын. Ал әкем – үйіміздің тірегі, біздің сапалы білім алуымыз үшін, көйлегіміздің көк, қарнымыздың тоқ болуы үшін аянбай еңбек етіп жүрген жан. Жұмыстан келгесін бізбен бірге ойнап, кейде сабағымызға көмектеседі. Үнемі бар білгенін айтып, ақылын-кеңесін аяған емес. Бауырларыммен сабақ дайындаймыз, ойнаймыз. Кейде ренжісіп қалатынымыз да бар. Сонда да оларды қатты жақсы көремін.  Бәріміз бір дастархан басында жиналып, шұрқырап әңгімелескенде, ерекше бір тәтті сезімге бөленемін. Ең қымбат сәттер екенін жан жүрегіммен сезінемін. Ал демалыс күндері уақытымызды бірге қызықты етіп өткізуге тырысамыз. Табиғатқа шығамыз не болмаса кино не мультфильм көреміз. Үйде болғанның өзінде неше түрлі ойындар ойнап, анамның дәмді-дәмді тамақтарын жейміз. Жалпы анамның ыстық тамағының иісі үйіміздің берекесін, молшылығын білдіретін негізгі белгі деп білемін. Шаршағанда, сабақтан келгенде қандай рахат: қарнымыз тойып мәз-мейрам боп қаламыз. Анамыз біздің қуанышымызды көріп екі есе бақытқа бөленеді.

Әке-шешем әрдайым бізді жақсылыққа, ешкімнің ала жібін аттамауға, адалдық пен мейірбандылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеп қана қоймай, өздері да үлгі бола біледі. Ес білгелі ата-анам жайында өзгелерден жаман сөз естімедім. Олардың біреуге арамдық жасап, біреумен ұрсысып жатқанын не болмаса басқалар туралы жаман сөз сөйлегенін естімедім. Мен де өз кезегімде жақсы адам болуға тырысып келемін. Ата-анамның үмітін ақтау – өмірдегі ең үлкен арманым.

Менің танымымда бақытты отбасы – бірін-бірі риясыз жақсы көретін, еш есепсіз жақсылық жасауға асығып тұратын, тілеуіңді шын тілейтін адамдарың. Сонымен қоса олар тек жақсылықта ғана бірге болмайды, қиыншылықты да бірге өткереді, алға басуға жігер береді. Қандай жағдай болмасын жаныңнан табылады, қолдауға дайын тұрады. Алла Тағала ол адамдарды сенің өміріңнің бірінші күнінен-ақ байланыстырып қояды және ол байланысты соңғы күніңе дейін берік ұстауың керек. Үлкен бақыт – қандай жағдай болмасын сені жақсы көретін, бар кемшілігіңмен қабылдай алатын адамдардың барына сенімді болу шығар. Ал ондай адамдар – әрқашан сенің үйіңде: ата-анаң мен бауырларың. Жалпы, өмірде бақытты адам бақытты отбасынан шығады.

4,5(83 оценок)
Ответ:
CorgiDog
CorgiDog
16.04.2022
Про народ:
Азған елдің баласы бірін-бірі жамандар,
қақпан құрып алдына құлатуға амалдар.

Озған елдің баласы бірін-бірі "батыр" дер,
қойны-қоншы құйылып, толып тұрған ақыл дер

Аз қойда айран бар, өре жоқ,
Аз елде азар бар, төре жоқ.

Айрылған болсаң еліңнен,
қуатың кетер беліңнен.

Айрылған ел — азады,
Қосылған ел — озады.

про мой язык:

Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
 
Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
 
Тіл — буынсыз,
Ой - түпсіз.
 
Сүйреңдеген қызыл тіл
Сүйгеніңненайырар;
Иә жаубетін қайырар.
 
Алажағым кетсе де,
Айташағым кетпесін.
4,6(97 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ