Бізді қоршаған орта табиғат. Адам өмірі үшін керектінің барлығын табиғаттан алады.
Менің ауылым кішкентай болғанымен, маған өте ыстық. Ауылымның аты Кеңқияқ. Ауылды айнала қоршап жатқан, Темір өзені жылдың төрт мезгілінде де сәнді кербез көрінеді. Жазғы демалыста өзенді жағалап суға түсеміз. Суды ластамау керектігін анамыз әрдайым айтып отырады.
Әдемі бой көтерген мектебіміз, мәдениет үйі, кітапхана ғимараттары бар. Жер қойнауынан мұнай, газ өндіріледі. Сазды топырақты жерімізде жусан, селеу өседі. Біздер болашақ ұрпақ жеріміздің байлықтарын қорғап сақтап қалуымыз керек. Табиғатты аялау бәріміздің міндетіміз. Мен ауылымның болашақта одан әрі гүлденіп, табиғатымыздың жайнап өркендеуін тілеймін.
Адамға тән Ілім екі түрлі: кәдімгі дүниелік және діни, имандылық білім. Құранда Ілім сөзі, онымен түбірлес зат есімдер мен етістіктер шамамен 750 рет кездеседІлім І-ге әуелден-ақ басым көңіл бөлудің нәтижесі мұсылман дүниетанымдық жүйесінде, діни, құқықтық, филос. және әлеум.-этик. ұғымдар жүйесінде білім тұжырымдамасына ерекше маңызды орын беруге алып келді. Білімге ұмтылу – әрбір мұсылманның борышы әрі міндеті, сонымен қатар имандылықтың белгісі деп жарияланды. Ислам тарихының барлық кезеңінде “Ілім” термині, оның мазмұны мен көлемі жайлы көптеген анықтамалар ұсынылып, талқыланды. Ілім туралы толғамдардың сүйенер негізі Құраннан, Хадистерден алынған дәйек пікірлер.