Салем! Менің атым Аяулым. Мен Қазақстан мемлекетінде тұрамын! Біздің мемлекет қазба байлықтармен ғана емес ерекше жан-жануарлармен де танымал. Біздің мемлекетте "Қызыл кітап" атты қазына пайда болған еді. Осы кітапта Қазақстан Республикасының жойылып келе жатқан, еліміздің қымбат байлығы болатын жан-жануарлар, құстар, жәндіктер өсімдіктер еңген. Ол жануар, өсімдіктерді көріп таң қаласың. Мысалыға айтсақ "қарбарысы"Қазақстанда ғана тіршілік етеді, басқа елдерде жоқ. Бізде сонымен қатар алманың алғаш тұқымы бар, яғни Қазақстанда пайда болған. Осы байлықтың бәрі бізде сақталған!
Көкшетауға ат басын бұратын көптеген саяхатшылардың қызығушылығын оятатын әрине табиғаттың көз тартар сұлулығы. Соның ішінде Бурабайдағы «Оқжетпес» тасының жөні бөлек. Атауының өзі бір ерекше. Жыл сайын демалуға барып жүргенімізбен, сол «Оқжетпес» жартасының қалай біткені жайында біле бермейміз әрі мән де бермейміз. Ал аңыз былай дейді:
Бурабай дейтін елді-мекенде кезінде Оқжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес туа салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген. Тіпті бойы тоқтаусыз өскен. Бала күнінде далада ойын қуып жүрсе, қасындағы балалардың атқан садағы оның кеудесіне әрең жеткен. Бойы ұзын өзі батырдың тірі кезінде елден абыройы асқақ болады. Жаугершілік заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайқасады. Әр күн сайын жаудың бетін қайтарып, елін аман сақтап отырған..