М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

5. Оқжетпес шыны туралы Ш.Уәлиханов жинаған әңгімелердің, бірін тауып, оқыңдар. Ондағы фонетикалық және дәстүрлі принциптер
бойынша жазылған сөздердің ережесін түсіндіріңдер.

👇
Ответ:
DianaHreseva
DianaHreseva
11.08.2020

Көкшетауға ат басын бұратын көптеген саяхатшылардың қызығушылығын оятатын әрине табиғаттың көз тартар сұлулығы. Соның ішінде Бурабайдағы «Оқжетпес» тасының жөні бөлек. Атауының өзі бір ерекше. Жыл сайын демалуға барып жүргенімізбен, сол «Оқжетпес» жартасының қалай біткені жайында біле бермейміз әрі мән де бермейміз. Ал аңыз былай дейді:

Бурабай дейтін елді-мекенде кезінде Оқжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес туа салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген. Тіпті бойы тоқтаусыз өскен. Бала күнінде далада ойын қуып жүрсе, қасындағы балалардың атқан садағы оның кеудесіне әрең жеткен. Бойы ұзын өзі батырдың тірі кезінде елден абыройы асқақ болады. Жаугершілік заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайқасады. Әр күн сайын жаудың бетін қайтарып, елін аман сақтап отырған.

4,8(1 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
nik6pw
nik6pw
11.08.2020
Менің үй жануарым бар.Мен өз жануарымды жақсы көремін. Менің итім мені тыңдайды, айтқанымды істейді, себебі мен оны жақсы ит болуга үйретемін. Ол басынан сипағанды ұнатады. Біз итпен бірге қыдырғанды ұнатамыз. Мен оган допты лақтырамын, ол оны алып келеді.Ағаштардың бұтақтарын лақтырып, итке әкелуін сұраймын оны алып келеді. Серуеннен келгесін, мен оған "Чаппи "деген тағам беремін. Мысық туралы. Менің мысығым бар. Оның аты-Мурка. Ол сүт ішкенді і және "Вискасты" жегенді жақсы көреді. Менің мысығым өте сүйкімді жануар. Көрінген жерде жатқанды ұнатады. Жазда біз оны саяжайға апарамыз, сонда тастап оған тамағын қалдырып,тастап  кетеміз .Мен мысықпен қыдырғанымды ұнатамын. Мен өз мысығымды жақсы көремін.
4,7(95 оценок)
Ответ:
бобгороха
бобгороха
11.08.2020

Қарлығаш

Қарлығаш – айыр құйрықты, қанаттары ұзын, әрi үшкiр келетiн, шағын денелi қара ала құс. Қарлығаш сөзi «қара», «ала», «құс» деген сөздердiң кiрiгуiнен шыққан. Торғайлар отрядына жататын құс тұқымдасы. Басқа құстардан бiр айырмашылығы – жемiн ұшып жүрiп ұстайды. Суды да ұшып жүрiп iшедi. Бауыры ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр. Арктика мен Антарктидан басқа жердiң бәрiнде ме¬кендейдi. Бүкiл әлемде қарлығаштың 80 түрi бар. Оның 4 туысқа жа¬татын 5 түрi Қазақстанда кездеседi. Олар: жар қарлығашы, құз қар¬лығашы, қос реңдi қарлығаш, сепкiлтөс қарлығаш, кент қарлы¬ғашы.

Республикамыздың барлық жерiне тараған. Орман-тоғай, өзен-көлдер маңында, шөлдi және таулы өңiрлерден жиi ұшыратасың. Жыл құсы. Күз түсе, Африка мен Оңтүстiк Азияға ұшып кетедi. Жылына бiр рет, қыста түлейдi. Екiншi жылы ұрпақ бередi. Екi-екiден, кейде топ¬танып, шыңға, тiк жарға, кейде тұрғын үй қабырғаларына, ағашқа жапсыра ұя жасайды. Ұяны топырақ пен сазды сiлекейiн араластырып қалайды. Iшiне майда шөп, қауырсын, мамық төсейдi. Қарлығаштың кейбiр түрлерi жарға үңгiп iн қазады. Олардың тостаған тәрiздi, бетiн ашық етiп немесе қап, дорба тәрiздi етiп, кiрiп-шығатын тесiк қалдыра жасаған ұялары да бар.

Қарлығаш – пайдалы құс. Зиянды насекомдарды, әсiресе, шыбын-шiркейдi өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтiредi.

Қарлығаштар жылына екi рет жұмыртқалайды. Алты-жетi күннен соң жасап бiтiрген ұясына 3-тен 7-ге дейiн жұмыртқа салады. Екi-үш аптада балапан басып шығарады. Балапандары алғаш қызылшақа болады. Балапандарына жем iздеуге шығарда ұядан құлап кетпесiн деп, аяқтарын қылмен байлап кетедi.

Ата-бабаларымыз қарлығашты ежелден жақсы көрген. Қарлы¬ғаштай сүйкiмдi, еңбекқор, ақылды болсын деп, қыздарына Қарлығаш деп ат қойған. Қарлығашқа көптеген аңыз-ертегi, мақал-мәтел, жұмбақтар, жыр жолдарын арнаған. Аңыз-ертегiлерде қарлығаштың адамдарға жасаған көмегi айтылады. Мысалы, «Қарлығаштың құй¬рығы неге айыр?» ертегiсi, Төле бидiң қалай «Қарлығаш би» атанғаны туралы аңыз… Қарлығашқа қатысты көптеген ырым-жорамалдар да бар. Мысалы:

Қарлығаш биiктеп ұшса – күн ашық болады.

Жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады.

Қарлығаш жылы жақтан оралған кезде қораға қонса, қой егiз туады. Ақ мол болады. Ал үй жақтауына немесе шатырына қонса, сол үйдiң жан басы көбейедi. Түсiңде қарлығаш көрсең бақытқа кенелесiң…

Белгiлi қазақ ақындары қарлығашқа арнап талай жыр жазған.

4,5(37 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ