Жер шарында тек бақытты немесе бай адамдар ғана өмір сүрмейді.Олардың ішінде кедей,бақытсыз,тіпті отбасысыз жетімдер аз емес. Олардың өмірі біздің өмірімізге мүлдем ұқсамайды.Олардың баспанасы өте тар,кейбірі үйсіз далада жүреді.Оларға тіршілік ету өте қиын болады.Өздеріне бір нан да сата алмайды.Өйткені,қазіргі кезде адамдар бұрынғыдай жанашыр емес.Олар көмектесудің орнына,сол бейшара адамдарды мазақ етеді.Әрине, ештенесі жоқ адамдарға жанын қатты ашиды.Сол сепепті, бұндай адамдарға кішкене болса да көмектесейікші.«Жақсылық істесен,өзіне де жақсылықпен қайтады» деп бекер айтпаған.Сондықтан қалай көмектесекте те бізге де,осы адамдар да риза болады.
Объяснение:
Ну можете как то так написать. Просто я 5 класс)
Менің Отаным Қазақстан.
Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан, яғни мен Қазақ Республикасының азаматымын. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет.
"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.
Біздің қазақ халқы кең пейіл әрі қонақжай екені баршаға мәлім.
Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
Еліміз елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, Ата заңымызда жазылғандай демократиялық, зайырлы мемлекет. Ата заңымызды құрметтеу - әрбір Қазақстан азаматының парызы деп білемін.
Осындай кең байтақ жерде дүниеге келіп, осы елдің азаматы болу - мен үшін үлкен мақтаныш. Болашақта ер жетіп, Отан қорғау саласына бар күш - жігерімді арнағым келеді.
Сондықтан менің тілегім - еліміздің аспанында әрқашан бейбітшілік қыраны қалықтап, туған жеріміздің аспаны ашық болсын!