М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
dzamshutor
dzamshutor
01.01.2022 02:28 •  Қазақ тiлi

просто не понимаю (5 предложений)


просто не понимаю (5 предложений)

👇
Ответ:
foxlina15
foxlina15
01.01.2022

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ- деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Ұлын ұлтжанды, қызын инабатты, сыпайы етіп өсіру ол әр ата – ананың міндеті болып табылады. «Отбасы кішкентай мемлекет» демекші, мен өз отбасыммен айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым отбасымды мақтан тұтамын. Менің отбасымда төрт адам бар. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан әкешім, бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен, түн ұйқысын төрт бөлген – аяулы анам, әрдайым көмектесетін, ақылын айтатын – ағам және мен. Бірін – бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын.

Объяснение: там текст написано написать

4,4(90 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
прррр11
прррр11
01.01.2022

ответ:неге адамдар ылғи қиялдайды? Бай адамдар болу олар үшін не себеп?

Эссе технология қазір біздің қолымыз да үйіміз де не болар еді егерде машинада технология дамыса.Адамдардан технология не деп сұрасаң тезірек ойланбастан ұялы телефон деп жауап береді бірақ технология ол адамның қасында жүретін зат ол көз неге мен көзді технология деп тұр деп ойлас аңыз ойлап көріңіз ші біз сондай қалай көреміз біз қалай көзді жұма із кейбірі технология ол жәй құрал деп ойлайды технология тым дамығанннан соң біз де құрал өте ал көзді біреуі болсын технология ға жатады деп ойлап көрдік пе жоқ қозді дұмған кезде ол өзі қозғалады тамыр ең деп ойлас аңыздар тамыр бізге басқа жерлерде көмектеседі сондықтан да мен көзді технология деп атаймын.

4,5(71 оценок)
Ответ:
Данил611309
Данил611309
01.01.2022
Ашық аспан күлімсіреген күн жайнап тұрған еді. Үшеуі қаланың сыртында айдалада серуендеп жүр. Гүлдер теріп үйлеріне қайтып бара жатқанда, бір ғажап затқа соқтығады. Арасынан біреуі сол затты аяғымен теуіп қалғанда, әлгі екеуі шошып кетеді. Өйткені ол зат бомбаға ұқсас болатын. Бір сәтте әлгі бомба жарылмай жай ғана бұрқылдаған дауыс шығарады. Үшеуі бұған назар аудармай үйге аттанады. Екі шақырым қашықтық аралығында жүрерде, әлгі зат масқара дыбыспен жарылады. Үшеуінің есінен бұл оқиға кетпестей болды.
4,7(90 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ