Менің үйім.
Біз қаламыздың орталығында төрт бөлмелі пәтерде тұрамыз. Үйіміз тоғыз қабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан. Үйіміздің бөлмелері кең, жарық, сонымен қатар әрқайсысы бөлек – бөлек орналасқан. Қарындасым екеуміздің әрқайсымызда өз жатын бөлмелеріміз бар. Бөлмемізде өзімізге қажетті жиһаздың бәрі де бар: жататын төсек, киім мен ойыншық жинайтын шкафтар, кітап қоятын сөрелер мен сабақ оқитын үстел мен орындық.
Жақында ата – анам үйге жөндеу жұмыстарын жасап, ас үй мен қонақ бөлмесін біріктірген болатын. Барлығымыздың ойымызша бұл өте ыңғайлы, әрі қонақ бөлмесі де кеңейіп қалды.
Үйіміздің ауласы да өте керемет – үлкен кісілер демалып, көлеңкеде отыратын ыңғайлы орындықтар, кішкене балалар ойнайтын ойын алаңы да бар. Бұл алаңда кешкісн көрші балалар бәріміз жиналып, түрлі ойындар ойнағанды ұнатамыз. Ауланы осы таза қалпында ұстап тұру үшін көктем келісімен көршілер бірігіп, есік алдында сенбілік өткіземіз, себебі ауламыздың тазалығы өзімізге жақсы.
Үйдің орналасқан жері де өте ыңғайлы, қаланың орталығы болғандықтан кез – келген бағытқа қоғамдық транспорт жүреді. Үйіміздің дәл жанында ірі сауда орталығы, аурухана, мектеп, кітапхана, түрлі банктер мен кішігірім дүкендер орналасқан. Мектеп жақын болғандықтан мектепке он минут ішінде жаяу барамын.
мәдениетіміздің бір тармағы ата-баба мұраларынан сыр шертетін, олардың қалдырған өнегесін кейінгі ұрпаққа танытар тарихи-мәдени ескерткіштер екені анық. Қазіргі таңда халықтың ұлттық санасы оянып, тарихи тұлғалардың танылуына, архитектуралық, археологиялық ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұраның бай дүниесіне ұмтылысы күн санап дамып жатыр. «Сыр – Алаштың анасы» экспедициялық тобы өткенге құрметпен қарап, бүгінгіні қадірлеп, келешектің қамын ойлауды, көпшілік халықтың санасына қайта жаңғыртуға жұмыс жасауда.
Зұлмат замандарды, жойқын соғыстарды басынан кешіріп, бүгінгі таңда Алаштың анасы атанған Сыр өңірі көне дәуірлерден мәдениет ошағына айналғаны даусыз. Бұл сөздің шындығына сапар бары¬сында көз жеткіздік. Ел аңызында Сыр өңіріндегі шаһарлы мекен-жайлардың көптігі соншалық, шыназдан шыққан лақ, шатырдан шатырға секіріп отырып, Арал теңізіне дейін жетеді деген дерек бар. Бұл теңеудің тегін айтылмасы белгілі. Дегенмен, түсірілім тобының зерттеулері нәтижесінде Сырдария өзенінің оң және сол қанатында қала мәдениетінің қалыптасқандығына көзіміз жетті.
Экспедициялық топ Жалағаш ауданында Бұхарбай батырдың ескерткішіне, музей үйіне және мешітінде болып, батыр ұрпақтарымен сали¬қалы сұхбат жүргізді. Қызыл кірпіштерден қаланған биік тұғыр¬дың үстінде басына шашақты дулыға киген Бұқарбай батырдың бейнесі рухтандырады.
Ал Таң ауылындағы Әбжәли ишан мешіті жуырда ғана қайта жаңғыртудан өтіп, ел игілігіне берілді. Осы ауылдың тумасы, елжанды азамат Имамзада Шағыртаевтың демеушілігімен қайта жаңғыртылған имандылық үйі бүгінде жамағаттың қуанышына айналды. Ауыл қарияларының ай¬туы бойын¬ша, мешітті Әбжәли ишанның өзі сол кездегі Қызылорда теміржол вокзалы ғимаратын тұрғызған ақмешіттік Нұрмұхаммед деген ұстаға қалатқан екен. Мешіт сол маңда өмір сүріп, бүкіл ғұмырын балаларды мұсылмандыққа оқытуға арнаған, жергілікті халықтың діни сауатын ашуға көп еңбек сіңірген Әбжәли молданың атымен аталды. Ишан 1870 жылы дүниеге келген.