Палау пісіру
Керекті азық – түлік: қой немесе сиыр еті (мөлшермен 300 гр.), 2 орташа сәбіз, 2 орташа пияз (жуа), 2 кесе (пиала) күріш, 4 – 5 ас қасық сұйық май, татымына қарай тұз. Үстіне қалауыңыз бойынша аскөк немесе көк жуа турап, салуға болады.
Ең алдымен қазанға майды құйып қыздырып, май қызғаннан кейін ортасынан жұқалап туралған пиязды салып қуырамыз. Пияз қуырылғанша, сәбізді ұзыншалап турап, пиязбен қосып қуырамыз. Одан кейін орташа кесектеліп туралған етті қосып барлығын жақсылап 10 – 15 минут шамасында қуырып аламыз. Барлығы қуырылып болған соң үстінен бір кеседей қайнаған су құйып, татымына қарай тұз салыпбір қайнатып аламыз. Қайнағаннан кейін алдын ала жуылған күрішті салып, үстінен күріш батып тұратындай су құйып (шамамен 2 – 2,5 кесе), қатты отты қосып қайнатамыз. Қайнаған соң астын басып, ақырын жай отта 35 минут шамасында бетін жауып, араластырмай, пісіреміз.
Палауымыз дайын болғанда үлкендеу ыдысқа салып, үстінен аскөк не болмаса көк жуаны майдалап тураймыз.
Палау Орта Азияда ең танымал тағам болып саналады. Және оның дайындау тәсілдері де әр түрлі. Әр аспаздың палау әзірлеуде өзіндік құпиялары болады. Мен біздің үйде дайындалатын палаудың рецептін жаздым.
Мен үшін анамның әзірлеген палауы – ең дәмді. Әдетте анам палауды қой етімен дайындап, оған сәбіз бен жуа турап, тұздан басқа ешқандай дәмдеуіштер қоспайды.
я нинаю что по фразеологизмам, с ними чтото непонятное(( вот ответы на вопросы :
1. ғылым мен білімнің дамуына телефон, компьютер, интернет сияқты заттар қатты әсер етті
2 .Бұрын Интернет аз белгілі болды және басқа да мүмкіндіктер болды
3. Қазір LAN сияқты желілер барҚалалық компьютерлік желіҒаламдық аймақтық желі. , wifi желісі
4.әлеуметтік желілердің артықшылықтары бар, сіз достарыңызды фотосуреттер арқылы көре аласыз, әлеуметтік желілерде сөйлесе аласыз және т.б
5.Оқулықтағы ақпаратты іздеуге бір сағаттай уақыт кетеді, менде қандай ақпарат бар екеніне байланысты, егер телефонмен іздесем, қандай ақпаратқа байланысты 5 минутқа жуық уақыт кетеді