ле Алатауында өсетін кордицепс саңырауқұлағы адам өмірін 150 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді.
«Іле Алатауында, 3 мың шақырымға жуық биіктіктегі жәндіктердің бойынан кордицепс деп аталатын қызықты саңырауқұлақ табылды. Оның құрамындағы көптеген микроэлементтер саңырауқұлақтың фармацевтикалық құндылығын арттыра түседі. Кордицепс жеп өлген жәндіктердің тіні шірімейді және оған бактерия қонбайды. Бұл саңырауқұлақ құрамындағы кордицепин деп аталатын табиғи антибиотиктің арқасында болатын құбылыс», - дейді А.Сағитов «Казахстанская правда» басылымының бейсенбідегі санында жарияланған сұхбатта.
Ғалымның айтуынша, кордицепс жазық жерлерде де өседі, бірақ, таудың ұшар басында өсетін саңырауқұлақтар ғана емдік қасиетке ие.
«Бұл жағынан алғанда біздің еліміздің жолы болып отыр: адамның өмірін 150 жылға дейін ұзартуға болады, мұндай мүмкіндікті жіберіп алу бассыздық болар еді», - дейді академик.
Оның айтуынша, кордицепс бүйректердің қызметін қалпына келтіреді, тромбоцит пен лейкоцит тапшылығын емдейді, жүрек-қан тамырлары аурударында; ұйқысыздық пен жүйке тозғанда; ерте қартаю, өткір және созылмалы гепатит, әртүрлі ісіктердің, тыныс алу жолдары ауруларының алдын алуға, қант диабеті мен ұйқы безі сырқаттарын емдеуге көмектеседі.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
Объяснение:
Әшекей-бұйымдар
Қазақ халқы ертеден бері
әшекей-бұйымдарды өздерінің ұлттық стилінде жасайды.Бұрынғы заманда қыздар шаштарына шашбау таққан,ал көпті көрген апа-әжелеріміз қолдарына сақиналар мен білезіктер таққан.Қарап отырсақ,ерте заманнан бері әшекей-бұйымдарды оюмен,және т.б өрнектермен безендіріп жасаған.Осыған байланысты қазіргі таңдада аналарымыз,қыз балалар сондай үлгідегі әшекейлерді тағуда.
Қорыта келе айтарым,әшекей бұйымдар қазақ халқының өзіндік қайталанбас ұлттық сипатын сипаттайды.
Объяснение:
Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. "Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына",-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі болып табылады. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.