Жүніс Сахиевтің “Айдағы жасырынбақ” әңгімесі бір деммен оқылатын ғылыми фантастикалық тақырыпта жазылған. Шынымды айтсам бұрын бұндай тақырыптағы әнгімелерді мүлдем оқымайтынмын, бірақ бұл әнгіме ерекшеленді. Себебі бұл жай ғана әнгіме емес үлкен терең мағыналы әңгіме.
Қысқаша тоқталсақ, шығарманың басты кейіпкерлері Мерген мен Сартай планетолог әкесімен бірге Айға сапарға барады. Экспедиция нәтижесі Айдың белгілі бір күрделі себептердің нәтижесінде тіршіліксіз тоқтап қалғанын дәлелдеді. Бұл себептердің бірі тазалық сақтамау. Бізде соған жақындап келеміз.
Қазіргі таңда көптеген қоқыстың өнделмей, тасталып, жердің құнарлығын төмендетіп жатқанын байқауға болады. Бұл үлкен мәселе, бірақ оны шешуге болады. 2020 жыл Қазақстанда волонтерлер жылы. Бұл бізге берілген үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Неге бірге өз қаламызды тазаламасқа, ағаштар отырғызып игі іс атқармасқа?! Бұл біздің Озон қабатын кішкене болсын сақтап қалуға көмектесер еді.
ответ:ХVІ ғасырдың бірінші ширегінен бастап , Жайық-Каспий жағалауына Ресей патшасы өкіметінің саясатына шыдамаған және патша үкіметін мойындағысы келмеген қашқын орыс еріктілері, күнкөріс іздеген крепостной шаруалар, қылмыстық элементтерден тұратын Волга бойы казактары келіп қоныс тебе бастаған. Олар келе сала өз кәсіпшіліктерін ашып,балық аулау, балық тұздау қостарын ұйымдастырып, жатар тұрақ орындарын тұрғызады. Сол уақыттан бастап тұрғызылған тұрақтар «Үйшік» атанып кеткен.
Жайық-Каспий жолы Азия елдерімен басқа да елдерге жол ашатын «әрі қақпа,әрі кілт» болатынына көзі жеткен патша өкіметі,ХVІІ ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында Ярославлдық көпес, бай саудагер Гурьевтер әулетіне Жайық бойында балық кәсіпшілігін ашуға және бекініс тұрғызуға рұқсат қағазын береді. 1640 жылы Гурьевтер әулетінің басшысы Гурий Назарьев, балалары Михаил, Иван және Андреймен Жайық бойына келіп қоныстанып, өнеркәсіптерін ашып, Жайық және Ембі өзені балықтарын өндірістік және сауда мақсатында пайдалана бастайды.
Бой көтерген қала мен балықшылық өндіріс табыстары осы өңірді мекендеуші байырғы қалмақтар мен орыс казактарының қызғаныштарын туғыза бастайды. Ақыры қашанда көршілерімен жауласып-қырқысып отыратын қала, қалмақтардың тонауына ұшырайды.
Объяснение: