М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Avetodor
Avetodor
22.08.2020 19:09 •  Қазақ тiлi

Менин байлыгым байтак жерим, бакытты елим

👇
Ответ:
vlad499999
vlad499999
22.08.2020

Отан десем оралады ойыма

Ақсақалды, ақ шапанды қария,

Туған жерім - құт мекенім, дариям,

Егеменді елім, туым, әнұран,

Қанатымды қағып ұшқан жанұям.

Осы жолды аңсап еді еліміз,

Ар-намысты батыр туған жеріміз.

Мақтан етер бай мұрасы, салты бар,

Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар.

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары  талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс, ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары... Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін.

Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 20 жыл өтті. Қазақстанның жиырма жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай  жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар.

Бүгінгі Қазақстан Астанасын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдыра, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүние жүзіне танытуға күш салуда. Бұған мемлекетіміздің Біріккен ұлттар ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып дүние жүзі елдерімен тығыз байланыс орнатуы және осы жолда атқарып жатқан қыруар істері дәлел бола алады. Кемеңгер Елбасымыздың «Қазақстан – 2030» бағдарламасы өз бағытымен жүзеге асса, келешекте Қазақстан мемлекеті дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына қосылады деген сенімдемін.

«Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, а ң жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын.

Барша Қазақстандықтарды елімнің мерейлі мерейтойымен құттықтай отырып, ашық аспан көгінде қалықтаған қырандай еркіндік пен даму, асқан бақыт және шексіз қуаныш, биік белес пен шығар шың тілеймін.

Объяснение:

4,8(77 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
valeralera200
valeralera200
22.08.2020

Ана тілді қадірлеп ұстайтын ұлттың болашағы жарқын. Себебі, тіл қай елде, жерде болмасын ең қасиетті де қастерлі. Тіл-әрбір тәуелсіз елдің мақтанышы, абыройы. Ол атадан балаға сақталатын киелі мұра. Тіл-баға жетпес қазына. Демек, әр ұлт, әр азамат өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы тиіс деп білемін.

Менің тілім-қазақ тілі. Мен оның шұбарлануына, аяққа тапталуына әрдайым қасқая қарсы тұруға қауқарлымын. Қазақ тілім байлығым, рухани жан дүниемнің айнасы, Отанымыздың өсіп-өнуіне бірден-бір септігін тигізер мәңгілік мұра. Еліміздің болашағы-оның ана тілі. Ол әрдайым бізбен өмір сүрері әсте белгілі. Тіл біздің бақытымыз болса, тілдің бақыты-оның болашағының жарқын болуы, ұлтының оны қадір тұта білуі деп білемін «Ана тілі-халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»-деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, патриот азаматтың жүрегі қашанда тілі, діні болып соғуы тиіс. Себебі, қазақ тілі - Республикамыздың мемлекеттік тілі. Елімізде жүргізілетін іс-шаралар, құжаттар, қағаздар міндетті түрде мемлекеттік тілде болуы қажет. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де саналы ұрпақ пен көбейетіні бесенеден белгілі. Біздің мақсатымыз-әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің қатарында болу. Бұл көздеген мұратқа жету үшін,сауатты ұл мен қыз тәрбиелеу қажет. Ол дегеніміз - өз ана тілінде яғни қазақ тілінде еркін сөйлеп, оны тереңінен меңгере білген ұл мен қыз.

Әрбір адам өз ана тілінде сөйлеуге міндетті. Мен Отанымды,Тәуелсіз Қазақстанымды,қасиетті де қастерлі мекенімді, байлыққа, қазынаға толы жерімді, ең бастысы болашағы айқын, келешегі жарқын қазақ тілімді мақтан етемін.

4,6(31 оценок)
Ответ:
DimaVlasov1
DimaVlasov1
22.08.2020

Объяснение:

Абайдың он төртінші қара сөзі

ОН ТӨРТІНШІ СӨЗ

Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе а өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та - жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады. Қазақтың «жүректісі» мақтауға сыймайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптен атының басын бұрып алуға жараған, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге, қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл мойындамаған нәрсеге, оңай да болса, мойындамау - ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры - әншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз.

Қазақ та а ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білімді білсе де, арсыз, қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады. Осы жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі - пәлеге, жаманшылыққа еліртпек үшін, бірін - бірі «айда, батырлап!» қыздырып алады да, артын ойлатпай, азғыратұғын сөздері. Әйтпесе құдайға терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі?

4,8(19 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ