8-тапсырма. Төмендегі картадан өз облысыңды тауып, ондағы қазба бай- лықтар, өзен, көлдер, таулар, көрікті жерлер туралы басқа облыста тұра-
тын досыңа хат жазып, мақтанышыңмен бөліс. Хатта бірге жазылған сөз-
дерге мән беріп, орфографиялық норманы сақтауды ұмытпа.
O
Патрола
о
Коставка
како стану
Гарардар
Орал
АСТАНА
о
Өскемен
Ақтөбе
караганды
o Атырау
о
БАЙқоңыр
Талдыкорган
o Ақтау
Қызылорда
АЛМАТЫ
Тараз
Шымкент
о.
Атрауга керек
«Тәуелсіздік» тақырыбына диалог құрастыру.
Мұғалім: Балалар, ертең қандай күн, кім айтып жібереді?
Оқушылар: Апай, ертең – еліміз үшін басты мерекелердің бірі – Тәуелсіздік күні.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар! Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан жариялады?
Оқушылар: Еліміздің тәуелсіздік күні 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған.
Мұғалім: Бәрекелді. Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл толады?
Оқушылар: Биыл тәуелсіздігімізге 19 жыл толды.
Мұғалім: Жарайсыңдар! Елімізде осы жылдардан бері қандай елеулі оқиғаларды атай аласыңдар?
Оқушылар: Жаңа астанамыз бой көтерді! Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті! Елімізде қысқы Азиада ойындары өткізілді! Елордамызда EXPO 2017 халықаралық көрмесі ұйымдастырылды! Назарбаев зияткерлік мектептері мен халықаралық деңгейдегі Назарбаев университеті ашылды!
Мұғалім: Бәрекелді, балалар! Еліміздің тарихынан біршама хабардар екенсіңдер! Тәуелсіздік - ата – бабаларымыз армандап кеткен, желтоқсан оқиғасы кезінде қаншама жастар сол үшін қыршыннан кеткен, оңайлықпен келмегенін үнемі естеріңде сақтаңдар! Енді осы тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп, сақтап қалу болашақ жастар – сендердің қолдарыңда екенін ұмытпаңдар!