М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
wardian
wardian
06.01.2020 05:21 •  Қазақ тiлi

Сурет бойынша бірге және бөлек жазылатын сөздерді қатыс тырып, «Шымбұлақ» туралы сөйлем құра.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
leramailvorob
leramailvorob
06.01.2020
Табиғат – жаратылыстың ғажап туындысы. табиғатта болып жатқан алуан түрлі оқиғалар желісі, алуан түрге енетін әуе кеңісі, қызыл-жасылды түзілген ағаштар жемісі бәрі-бәрі ң таңдайын қағып, таңқалдыратыны сөзсіз. міне, сондықтан да ң табиғатты жырлауға шеберлігі, табиғатпен сырласатын көрегендігі осының айғағы. қанша десек те, табиғаттың күйін, әсем формасын, қазынаға толы қоймасын көрсек жанымыз тойғысыз, жырласақ, айтсақ та тіл жеткісіз. тылсым табиғаттың құпия сырларына үңіле түсіп, суға құмары қанған сиырдай қаныққан сайын оның құпиялылығы толассыз ілгері жылжи береді. онымен қоса беймәлім сырлары ашылып, құмар ойындай қызықтыра түседі. заңғарлы зерттеудің нәтижесінде тайпалық     қоғамнан қазіргі ақпараттық қоғам дәрежесіне жете білді. дәлірек айтсақ, бүгінгінің 4-5 жасар бөпесін бұрынғының 40-50 жасар әкесімен ойлау, іс-қимыл қабілеті бойынша өзара салыстыруға келмейді. ғалымдардың пайымдауынша, екеуінің арасы жер мен көктей, яғни қазіргінің бөпесі жан-жақты қабілетті көрінеді. қазіргі қоғамның озығы мен тозығы табиғатқа қарап үйренудің нәтижесінде отырды, миының     пісіп-жетіліп озығының басым болуына ықтимал болды. дүниеге зуылдайтын заманауи зымырандар, адуынды автомобильдер, ұшарда ұршық иіретіндей тікұшақтар, мықты моторлы қайықтар, ақыр аяғында роботтар келді.ғылымда озық техниканың жетістігі ретінде айтылғанымен, оның барлығы ой тұрғысынан алғанда құпияға бай табиғаттан үйренудегі ң жетістігі екендігі хақ. мысалы, қазіргі тікұшақты инелікке, жук машинасын қоңызға, ұшақты құсқа, автобусты есекқұртқа, сүңгуір қайықты ққа, жерді қопарғыш тракторды бұзаубасқа қарап жасағандығы тайға таңба басқандай. жер жүзіндегі жеті кереметке вавилон бақшасы арқылы үлесін қосқан табиғаттың шеберлігін ұққан сәнденушілік (мода), суретшілік, сәулетшілік(архитектура), шеберлік(мастер), күйшілік секілді т.с.с. қастерлі қасиеттерді бойына дарытқандығы даусыз. 
4,6(25 оценок)
Ответ:
alyaardasenova
alyaardasenova
06.01.2020

Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады.

Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Бұлар қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады.

Үйсін атауы Қытай жазбаларында біздің заманымыздан бұрынғы екінші ғасырдан бастап кездеседі. Олар «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді.

Үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалық ауданы арқылы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өтіп, Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Ал солтүстікте шегара Балқаш көліне дейін жетті.  Олардың ордасы Қызыл Аңғар (Чигучен не Чигу) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Олардың басқа да көптеген қалалары, сауда орталықтары болған. Олар Шығыс Жетісу жеріндегі – Сүмбе, Лепсі,  Батыс далалық аймақтарындағы – Суяб, Құлан, Ақтөбе және тағы басқа қалалар.  

Біздің заманымыздан бұрынғы 138 жылы ғұндарға қарсы одақ құру жөнінде «Батыс өңірге» келген Қытай елшісі Чжан Цянь «Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты, халқы 630 мың адам, әскері бір мың сегіз жүз сексен сегіз мың сегіз жүз жауынгерден құралған» деп жазады. Үйсін мемлекеті шығыс, батыс және орталық болып үшке бөлінген.

Қытай деректерінде «Шығысында ғұндармен, батыс жағында қаңлы елімен шектеседі. Жері ұлан-байтақ, кең әрі жазық, жауын-шашыны көп. Ауа-райы суық. Тауларында қалың қарағай өседі» деп суреттейді. Үйсіндердің малдарының құрамында жылқыдан басқа қой және сиыр, қос өркеш түйе, есек, ешкі де болған. Үйсіндер жануарлардың терісін илеп, аяқ киім, тері шалбар мен атәбзелдерін дайындаған.

Таптық қоғамда байлықты жылжымалы және жылжымайтын мүлік деп бөлуге болатыны мәлім. Олардың біріншісіне – мал, қол өнер бұйымдары, тұрғын үй тағы басқалар, ал екіншісіне – жер, жатқызылады. Жылжымалы мүлік ертерек жекеменшік түрлеріне айналды, өйткені ол айырбас жасауға мүмкіндік берді. Мұның өзі, әсіресе, көшпелі тайпаларда, соның ішінде Жетісудағы үйсіндердің белгілі бір топтарында мал түріндегі байлықтың жинақталып, мүлік теңсіздігінің дамуына себепші болды.

Үйсіндерде жекеменшіктің кеңінен тарауына байланысты бөлінбейтін байлық болып есептелетін жерді пайдалану ісінде де теңсіздік орын алды, тіпті оны мұрагерлік жолымен пайдалану да көрініс тапты. «Менің ата-бабаларымның сүйегі жатқан жер немесе менің қыстауым тұрған жер, менің жерім» деген белгілі қағида орын алды. Бұл көшпелі қоғамның бәріне тән жазылмаған заң – кімнің малы көп болса, іс жүзінде жердің де қожасы сол болуы керек деген қағида үйсіндердің де нақты әлеуметтік өмірін бейнелегенін көрсетеді. Мысалы, бай үйсіндердің төрт-бес мыңнан жылқысы болса (ал қыс кезінде бір жылқыны асырау үшін шамамен 8-10 гектар жайылым керек), мұншама жылқыны бағу үшін шамамен алғанда 30-50 мың гектар жайылым қажет екенін есептеп шығару қиын емес.

Сондықтан мұның өзі ежелгі үйсін қоғамында біздің заманымыздан бұрынғы І ғасырдан бастап малы көп байлардың шұрайлы жайылымдарды басып алу үрдісі басталғанын айтуға негіз бола алады.

Чжан Цян үйсіндер туралы алғашқы мәліметтерді жеткізді.

Біздің заманымыздан бұрынғы 170-160-ыншы жылдары үйсіндер мемлекеті құрылды. Олар ғұндарға тәуелділікті мойындады. Кейін ғұндардан бөлініп, Қытаймен достық қарым-қатынас орнатады.

Үйсін мемлекетінің патшасын гуньмо деп атаған.

Біздің заманымыздан бұрынғы 53-інші жылы мемлекет екі бөлікке бөлінді: ұлы гуньмо және кіші гуньмо. Үлкен гуньмодан кейінгі мемлекеттік лауазым кіші гуньмо болды. Бұл бас уәзір еді. Одан кейінгі лауазым – тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Мемлекет әскері оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасшы басқарды. Әскери қолбасшылардың көмекшілері «Дарту» атағын алып отырды. Елдің жоғарғы сотының қызметін оңқа билер, діни басшылықты абыздар жүргізді.

Үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуіктерінде және сарай жанындағы басқа да лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Сол кездегі қалыптасқан тарихи ахуалға байланысты үйсіндердің көрші ғұндармен, Хан империясымен, қаңлылармен қарым-қатынасы өзгеріп отырды.

Біздің заманымыздан бесінші ғасырға дейін Жетісуда өмір сүрген Үйсін мемлекетін аварлар (жужандар) құлатты.

4,4(15 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ