1941 жылы соғысты кім бастап, оған адамзат тарихында бұрын-соңды болып көрмеген қандай қатер төніп тұрғанын бірден сезді. 1941 жылдың 22 маусымы, таңғы сағат төрт. Бұл күні талай шаңырақты от шарпып, миллиондаған адамның өмірін жалмаған адамзат тарихындағы ең сойқан соғыс басталды. Фашистік Германия Кеңес Одағына басып кірді. Ұлы Отан Соғысы деген атпен тарих дәптерінің парағына қанды әріптермен таңбаланған зұлмат қантөгістің алапатынан қазақстандықтар да шет қалмады. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 1418 күнге дейін созылған Ұлы Отан соғысы Қазақстан тарихында өте күрделі кезеңдердің бірі. Соғыс - күйретуші күш! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Бұл сол кездегі кеңес халқының ер жүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Мен соғысты жек көремін.
Соғыс адамдарға азаптан басқа ештеңе бермейді. Елімізді қорғау үшін адамдар соғысқа аттанды. Бірақ бұл соғыстан тек кейбір адамдар тірі қалып, үйлеріне қайтты. Қайтыс болған адамдардың үйлеріне қара хат жіберілді. Зар жылап отырған аналар үмітін үзбей, оларды күтеді. Баласының өлгенін ешқандай ана мойындамайды. Сөйтіп жүріп, ауырып, бұл дүниеден өтеді. Осындай жағдайды ойласам, көңіл-күйім түсіп, көзімнен жас шығады. Мұндай соғысты кім жақсы көріп, кім қалайды. Мен соғыстың ешқашан болмағанын тілеймін. Біз қазақтар бәріміз біргеміз. Бұл біздің ең басты байлығымыз. Себебі, барлығымыз тату тәтті, достықпен, бірлікпен өмір сүріп жатырмыз. Мұның барлығы ата-бабаларымыздың арқасы деп ойлаймын. Кеңес Одағының батыры Б.Момышұлы, Т.Тоқтаров, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Т.Бигелдинов, Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Р.Қошқарбаев, Қ.Қайсенов, т.б. жауынгер батырларымыз мәңгітел есінде сақталады.
1943 жылы Невель қаласы үшңн ұрыста пулеметші М.Мәметова ерлікпен қаза тапты. Оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1944 жылы жойқын шабуылға шыққан Кеңес әскерлері 900 күн жау құрсауында қалып, адамзат тарихы білмеген азапты күндерді бастан өткеріп жатқан Ленинград қаласын азат етті. Ж.Жабаевтың «Ленинградтық өренім» деген жыр жолдары аштық пен жалаңаштықтан қиналған қала тұрғындарының жігерін, рухын көтере білді. Отан соғысы майдандарында, жау тылындағы партизандар мен Еуропа елдеріндегі қарсыласу қозғалысы қатарында шайқасып, фашизм концлагерьлерінде қаза тапқан өжет, қайсар қандастарымыздың рухына бас иеміз. Көлемі, қаталдығы, адам және материалдық шығыны жағынан екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең жойқын соғыс болды.
Қалай десек те талай боздақты қанға бөктірген қырық бірдің зұлматы елді есеңгіретті. Неміс фашистерінің зұлымдығы бауырлас мемлекеттердің мүддесін бір арнаға тоғыстырып, ортақ мақсатқа жұмылдырды. Бүгінде қатары уақыт өткен сайын сиреп бара жатқан қарт майдангерлер есінде бұл қанды жылдардың мәңгілікке сақталары сөзсіз. Ер етегімен су кешкен, елдің егемендігін сақтап қалды. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Лайым, елі үшін отқа түсер ерлеріміз аман болсын деп тілейік!
Объяснение:
Жол белгілері - адам өмірін сақтауға көмектеседі. Тек оның не мағына беретінін көбісі біле бермеді. Түсінікті болу үшін жол белгілерінің 7 түрін біліп алған жөн.
Егер сіз,шеті қызыл жолақпен белгіленген, іші ақ түсті үшбұрыш фигурасындағы жол белгісін көрсеңіз,сол жердегі жолдан айналып өтіңіз. Себебі,бұл белгілер - ескерту белгілері. Жолда нендей қауіп бар екенін хабарлайтын жол белгісінің түрі.
Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкерілген, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетілсе - бұл ақпараттық көрсеткіш белгілері. Бұл белгілер көлік жүргізушілерге арналған. Бұл белгі қозғалыстың режиидерін енгізеді.
Пішіні дөңгелек,шеті қызыл жолақпен көмкерілген, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетілсе бұл - тыйым салу белгілері. Бұл белгілер де көлік жүргізушілерге арналған. Бұндай белгілер қозғалысқа тыйым салады не болмаса тыйымның күшін жояды.
Бұлар ең маңызды деген жол белгілері. Жол белгілеріне мұқият қарап,өмірімізді сақтап жүрейік!
ЭССЕ
Тілім менің
Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың. даналардың сөздерін, өлең - жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған,. құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды, өзіміздің қазақ тілімізбен қайтадан қауыштық. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.
Б. Момышұлының "Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту"- деген болатын. Сондықтан тілімізді ұмытпай, әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек деп білемін. М. Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарап, орынсыз шұбарлануына қарсы тұруымыз керек.
Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – әр қазақ баласының бірден - бір міндеті болып табылады. Біз, болашақ жастар тіліміздің абыройын асқақтатамыз. биікке көтереміз деп нық сеніммен айтқым келеді.