Біздің еліміздің табағаты өте ерекше. Жыл мезгілінің қай тұсын алсаң да, я қаламыз, я ауылымыз жайнап тұрады. Қазір қыс мезгілін алсақ, терең тыныс алатын таза ауа, ақ көрпесін жамылған жер, екі беттері алмадай боп шана тепкен балалар. Ал, енді көктемге мезгіліне сипаттама берсек, жан-жақтың бәрі көгеріп, жер астынан бәйшешегіміз бүршік атып шығады, Жаз нағыз жеміс-жидектің пісіп, балалардың мәз-мейрам болатын уақыты. Күзге тоқталсақ, бұл жыл мезгілі әсіресе ақын аға-апаларымыз тілін түсіне білетін алтын уақыт.
Иә, қалай дегенде де менің өлкемнің табиғаты тамаша, кең байтақ! Мен осы елде қазақ болып туылғаныма қуанамын!
Айым аспанға қарады. Аспанда шарбы бұлт кешіп барады.
- Әже, аспанға кім тутiн жiбердi?
- Бұлт қой ол. Түтiн емес.
-Жок, түтін. Өзіңіз дұрыстап қараңызшы.
Үлкен кiсi де кек жүзіне назар салды.
Зеңгір аспанда кешіп бара жатқан бұлттар түтінге
ұқсайды. Тіпті түтіннен аумайды. Әже немересіне "бұлт" дегенді қалай түсіндірерiн бiлмей, ойланып тұр.