М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ира1029
ира1029
28.06.2022 02:03 •  Қазақ тiлi

Эссе."Балалар әдебиеті-коркем әдебиет саласы"

👇
Ответ:
violettasergeevna
violettasergeevna
28.06.2022

Балалар әдебиеті – әдебиетіміздің өскелең бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген ол ХІХ ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. Балалар әдебиеті тәлім-тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды.

Балалар әдебиетінде оптимизм басым. Сары уайым, қайғы шер атымен кездеспейді. Бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы болғандықтан, олар егеменді ел құрылысына қажырлы күш жұмсайды. Балалар әдебиетіндегі басты қасиеттердің бірі оларды осындай ер жүрек, өз отанының патриоты, ардагері болуға жетелейтін, өнеге беретін батыр, адал адамдардың образын жасау.

Балалар әдебиеті шығармаларының ықпалы, тәрбиелік күші жаңымды кейіпкерлер образын жасау проблемасына байланысты шешіледі. Жақсыны үлгі етіп көрсету, ардагер адамдардың отаны, халқы алдындағы қызметін суреттеу, солардың типтік образдарын жасап білу жас өспірімдердің еліктеуіне, солардай болуына талпынуына жол ашады.

«Өнер алды қызыл тіл» деп Абай атамыз айтқандай, балалар әдебиетіндегі басты проблемалардың бір түрі – осы тіл. Балалар жазушысы әдеби тілге шешен болумен қатар, оған өте ұқыптықарауға тиіс. Балаларға арналған шығармалардың тілі, ең алдымен, өзінің ана тілін жетік білуге, сөздік қорын байытуға, жүйелі түрде қисынды сөйлеуге, әсіресе, ана тілін сүйе білуге баулитын көркем құрал болуға тиісті. Әрбір сөз өз орнында өз қызметін атқара тұрып, баланың уылжыған жас жанына қозғау салып, сұлу суреттерімен эстетикалық күшті күшті әсер ететіндей болуы керек.:

4,4(32 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
selemenevakrist
selemenevakrist
28.06.2022

Айтыс – халық мұрасы.

Әрбір халықтың өзіне тән салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, халық ауыз әдебиеті, мәдениеті, тәрбиелік ұстанымдары бар. Міне, осы асыл қазынамыз бізге ұрпақтан ұрпаққа сан ғасырлар бойы аманат ретінде ұласып, ұлттық болмысты жоғалтпай, өзгелерден ерекшелеп тұратын айна секілді. Бізде өз кезегімізде бұл құндылықтарды қастерлеп, келер ұрпаққа осы күйінде жеткізуіміз керек.

Ата дәстүрін ардақтау – қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы.

«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді.

Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор. Осы ретте айтыстың алар орны ерекше.

Айтыс – қазақ халқының ертеден қалыптасқан жыр жарысының бір түрі. Айтысқа суырып салма ақындар мен көркем сөз шеберлері қатысады. Айтыста ел басқарып отырған басшылардың кемшіліктері, сондай – ақ өмірдегі келеңсіздіктер ашық айтылады. Айта кететін бір жайт, айтыс бүгінгі күнге дейін жетіп, тәрбиелік мәнін жоғалтпаған жыр жарысы. «Атамұра – асыл қазына» демекші, осындай ұлттық дәстүр, ғұрыптарымызды сақтап, қастерлеуіміз қажет.

4,8(47 оценок)
Ответ:
shkolnig2013
shkolnig2013
28.06.2022

Менің сүйікті ойыным.

Барша ғаламда қаншама ойын бар десеңізші?Ойынды тек еңбектеген бала ғана емес,жасы үлкендер де сүйіп ойнап жатады.Бірі компьютерлік ойынды ұнатса,енді бірі логикалық ойындарды,кейбіреуі спорттық ойындарды ұнатады.Ал менің сүйікті ойыным - волейбол.Адамзатқа ең пайдалы ойындар ол - спорттық ойындар.Спорттық ойындар - салауатты өмір салтының бір бөлігі деп ойлаймын.Волейбол - командалық ойын боп саналады."Ойынның да ережесі бар" демекші,волейболдың өз ережелері бар,бірақ аса ауыр емес.Мұнда екі команда волейбол торының екі жағына бөлініп,өздеріне берілген алаңда ойнайды.Команда допты өз алаңына түсіріп алмай, керісінше,қарсылас команданың алаңына түсіріп,ұпай жинауы қажет.Ойын кезінде допқа үш реттен артық қол тигізуге болмайды және тағы да басқа.Бұл ойынды ұнатуымың себебі:денсаулығыма септігін тигізеді, ережелері ауыр емес және ойнау үшін көп құралдың қажеті жоқ.Волейболда әр ойыншының алар орны маңызды.Сондықтан ойнау үшін жылдам әрі епті,ақылды және қу,күшті әрі батыл бола білу керек.Ал менің бойымда мұндай қасиеттер бар.Әрдайым бос уақытымда достарыммен волейбол ойнауға құлшынамын.

4,4(99 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ