Менің қазіргі алға қойған мақсатым оқуымды үздік бітіру. Ол үшін адамда өзінің бойында осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім болуы қажет. Бұл мамандыққа жету екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Сондықтан мен ешкім жетпеген жеңістіктерге жеткім келеді. Дәрігер болу үлкен мәртебе деп білемін. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Меніңше дәрігер болу менің қолымнан келеді. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат.
Сөздердің баламасын табу.
1. Аузы жеңіл – аузында сөз тұрмайды.
2. Баласын құтты орнына қондыру – қыз баланы ұзату, тұрмысқа беру; үйлендіру.
3. Құлағы тосаң – құлағы нашар естиді.
4. Қолының жымысқысы бар – ұрлыққа жақын адам.
5. Қосып айтады – өтірік айтады.
6. Ауыз бастыру - айтпауға уәде беру үшін ақы беру.
7. Сөзге келу – ұрысып қалу, ренжісіп қалу.
8. Бет жыртыспау – ұрыспау, ренжіспеу.
9. Жасы ұлғаю – қартаю.
10. Қалтасы тесік – кедей адам.
11. Сымсыз телефон – өсек, қауесет.
12. Аузының желі бар – өсекші.
13. Ұзын құлақ – ауыл арасындағы жаңалықтарды ауызша жеткізу 14.Ішінде бүкпесі бар – сыры, құпиясы бар.
15. Қолды болды – ұрланды.