М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Johhn1
Johhn1
28.09.2021 14:41 •  Қазақ тiлi

Еки немесе одан да коп созден туратын курдели атауларды жазындар. Улги: Алматы обылысы,Гылым академиясы

👇
Ответ:
mia73
mia73
28.09.2021
1) Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
2) Архитектура және Бейнелеу Академиясы
3) Көлік және Коммуникация колледжі т.б.
4,4(68 оценок)
Ответ:
kosahevaluba
kosahevaluba
28.09.2021

Эм это какой язык?

4,6(75 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

Электр энергиясын үнемдеу туралы аз айтылып жүрген жоқ. Дегенмен кейбіреулер оған мән бермейді. Себебі "ақшасын төлесек болды емес пе?" деп ойлайды.

Алайда электр энергиясын үнемдеу қоршаған ортаның ластануын азайтады. Біздің елімізде электр энергиясы жылу электр және су электр станциялары арқылы өндіріледі. Жылу электр станциясы жұмыс істеу үшін отын жағылады. Ол ауаны ластайды. Біз ол ауамен тыныс аламыз.

Өкінішке орай, біздің елімізде экологиялық білім кенже қалып келеді. Үкімет көптеген іс-шара жүргізсе де, адамдар электр энергиясын үнемдеуге әдеттенбей келеді. 

Үйде компьютер, теледидар, т.б. құралдарды қажетті кезінде ғана қосып отырыңыз. Компьютермен жұмыс істеп отырып, 20-30 минутқа үзіліс жасасаңыз, оны «ұйқы» режимінде қалдырыңыз. Сондай-ақ теледидарды күні бойы қосып, тастап кететін жайттарды күнделікті көріп жүрміз. Электр пештері орнатылған үйлерде тұратындардың тарифі газ пештері барларға қарағанда азырақ. Сонда да пешті қажет кезде ғана қосып, ажыратып отырғаныңыз абзал. Тамақ пісіретін ыдыстардың түбінің плитамен бірдей болғаны да үнемдеуге көмектеседі. Суды электр шәйнегіне тек өзіңізге қажетті мөлшерде құйып, қайнатыңыз.

Киім үтіктегенде уақытымен қосыңыз. Егер үтіктің табаны бүлінсе, тұзбен тазалап алыңыз. Ол үшін матаға 300 грамм тұз төгіп, үтікті қыздырып, тұздың үстінен тазарғанша жүргізесіз.

Қыста балконда немесе басқа салқын бөлмеде тамақ сақтайтын мүмкіндік болса, тоңазытқышты не мұздатқышты ажыратып қойғаныңыз дұрыс. Апа-әжелеріміздің әдісімен етті сүрлеуге үйреніңіз.

Объяснение:

Я толька 1 вопрос ответила:

электр энергиясын үнемдеудің маңызы қандай?

4,8(46 оценок)
Ответ:
Талдау

Объяснение:

I Авторы: Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысының Жангелдин ауданындағы Қызбел атырабында дүниеге  келген. Қазақтың тұңғыш романының авторы.

II Шығарманың тақырыбы: Шығармаға арқау болған оқиғалар ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесінде жиі кездесетін жас қыздардың қалың малға сатылып, сүймеген адамдарына ұзатылуы, олардың теңдік үшін күрес мәселелері суреттеледі. 1910 жылы «Бақытсыз Жамал» романы Қазанда басылып шықты

III Әдеби жанр түрі: Эпос - өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінездерін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын күрделі жанр. Проза.

IV Эпикалық жанр түрі: Кең көлемді поэма. Өйткені өмірде болған құбылысты, алуан-алуан адам  тағдыры мен заман шындығын көлемді суреттеп берген. Қазақтың тұңғыш романы. Бұл роман туралы алғашқы пікір айтқан Ахмет Байтұрсынов: «Қазақты бұрын роман жоқ еді. Біздің арамызды қазақша бірінші роман жазған Міржақып Дулатов болды» - деп жазады.

V Шығарманың идеясы: Сол кездегі шындық өмірді көрсету, сол шындық арқылы оқырманына ой салу. Қазақ қыздарының тағдырын көрсету.

VI  Шығарманың композициялық құрылысы.

VI.1.  Шығарманың  басталуы: Көктал қыстаған Құрман атаның ауылы жайлауға қонып, көптен көріспеген ел мәре-сәре болып жатқанда ауылға екі адам келіп түседі. Ертесіне ауылға крестьянский начальник келеді. Бәрі соның келуін тамашалап отырғанда топ ішінде Сәрсенбайдан біреу Шолпан жеңешем «тақия тігіп беретін» тапты деп сүйінші сұрайды.

VI.2. Шығарманың дамуы: Ары қарай оқиғаны жалғастырмас бұрын Сәрсенбайдың кім екеніне тоқталып өтеді. Ол еш оқымаған, момын а көтермей бір күні қу бас деген сөз естіп, үйленуге бел буып, ағайындарын жинап, Жарас молданың Шолпан атты қызын алады. Сәрсенбай 45-ке, Шолпан 17-ге келгенде манағы топ ішінде сүйіншілеген Жамал дүниеге келеді. Бірінші көрген баласы болған соң Сәрсенбай үлкен той жасайды.

VI.3. Шығарманың байланысы: Жамал сағынып көрген баланың алды болған соң бетінен қақпай, ұл балаша тәрбие береді. Бірде Сәрсенбайдың үйіне молда келеді. Жамалжан деп әкесі жұмсап жібереді. Сонда молда мырзаңызға қыздың есімін қойғансыз ба? – деп таңданады. Сонда ұл баладан кем екендігін айтқанында, молда қыз балаға тұлым қойып, оқыту керектігін ескертіп кетеді. Содан кейін Сәрсенбай Ғазиз деген татар оқытушысын ұстап, Жамалды оқытады, қызша киіндіреді. Қалампыр: «Жамал әлі кішкентай, өссін, сосын тұлым қойып, оқытамыз» - дейді. Сыртқа жаны ашып тұрғандай болғанымен ішінен тоқалдың қызын жақтырмайды. Ғазиз Жамалдың зеректігін байқап, сабақ соңынан алып қалып, әріп таныта бастайды. Жамал қазақтың қисса-жырларын жатқа білетін болады.

VI.4. Шығарманың шиеленісі: Сәрсенбай болыстыққа сайлауға түседі де жеңіліп қалады. Кеткен шығынын ойласа намысына тиетін болады. Сөйтіп жүргенде болыспен құда Байжан таз Жұман баласына қыз іздеп, Сәрсенбаймен құда болады. Жамал өсе келе атастырылған жарының жаман, таз, ақылсыз екенін біледі. Өз көңілін көтеру үшін үнемі жиын-тойларға барып жүреді. Сондай тойлардың бірінде Ғалимен танысады.

VI.5. Шығарманың шарықтау шегі: Ғали мен Жамал арасында махаббат оты орнап, үнемі хат жазысып жүріп, бір күні екеуі қашып кетеді. Қаладағы саудадас досы Фатихолла байдың  үйін паналайды.  Бұларды іздеп маза бермегендіктен Ғалидың нағашылары жаққа кетеді. Онда Ғали бара сала 13 күн ауырып, бейсенбі күні түс кезінде көз жұмады. Жамалды шешесі келіп алып кетеді. Ғалидің өлімі Жамалдың Байжан босағасына баруына себеп болады.

VI.6. Шығарманың шешімі: Байжанның үйінде Жамал еш бақыт таба алмайды. Боранды түнде қалаға барып, Фатихолланың үйінде самауыр қайнатсамда, Байжанның таяғынан құтылайын деп боранды түнде адасып өледі

4,5(50 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ