скажите мне какой предмет
Балғынбек Имашев — 1977 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы Жоламан ауылында дүниеге келген. 1990 жылдан бастап аудандық, облыстық, республикалық ақындар айтысына қатыса бастайды. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің «Әдеби аударма» бөлімін, «әдебиеттану» мамандығы бойынша магистратурасын тәмәмдаған. Еңбек жолын 1998 жылы Республикалық Қазақ Радиосында редактор-стилист қызметінен бастайды. 2000 жылы Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтында Филология кафедрасының оқытушысы, 2001 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істейді. 2006 жылы академик Р.Нұрғалидің жетекшілігімен «Айтыстағы сатира мен юмор» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. 2007 жылы Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасының доценті қызметтерін атқарады. 2009 жылдың тамыз айынан бері «ЭРА -7 арна» ЖШС Дубляж департаментінің редакторы. Белгілі айтыс ақыны. Көптеген республикалық, халықаралық айтыстардың лауреаты. «Жыр арқауы – Астана», Түркістанның 1500, Тараздың 2000, Қарасай батырдың 400, Махамбеттің 200, Дулат Бабатайұлының 200, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен айтыстардың жеңімпазы, Мәскеу қаласында өткен айтыстың, Астана қаласында өткен «Ел басқарар ерің кім?», Алматыда болған «Алматықұрылыстың» 50 жылдығына арналған айтыстардың Бас жүлдегері, Париж, Стамбул шаһарларында өнер көрсеткен. Қазақ тілі қоғамының «Қазақ тілі» медалімен марапатталған. Алматы облысы Кербұлақ ауданының – «Құрметті азаматы».
Объяснение:
Астана қаласы – Қазақстан Республикасының елордасы (1997 жылдың 10 желтоқсанынан). 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, халқының саны 697 257 адамды құрайды. Халық саны жағынан бұл қала - Қазақстанда Алматыдан кейін екінші орында.
Қаланың байырғы атаулары – Ақмола (1830-дан 1961 жылдарға дейін), Целиноград – 1961-ден 1992 жылдарға дейін, Ақмола – 1992-ден 1998 жылға дейін.
Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Астана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өнідірісі дамыған болуы, аграрлы инфрақұрылымының болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы – міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды.
Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп.
Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды.
Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты. Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.
Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді.
Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты. Жеделдетілген құрылыс қарқыны 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи модернизацияланған, қайталнбас бейнесі бар қала тұрғызуға мүмкіндік берді.
Я не могу найти можно скрин