ТЕСТ 7 сынып Тест
1. Дара зат есімді тап.
А) тұрғын В) оқу С) тасбақа Д) қиял Е) ата-ана
2. Күрделі зат есімді тап.
А) зейін В) білгіш С) әдеп-ғұрып Д) самғау Е) бос
3. Жалпы есімді тап.
А) «Абай жолы» В) Құлагер С) Балқаш Д) «Жас Алаш» Е) Тау
4. Негізгі зат есімді тап.
А) күнделік В) көркем С) ұлық Д) қол Е) ұғу
5. Деректі зат есімді тап.
А) тас В) шабуыл С) дәулет Д) азап Е) ар-ұят
6. Дерексіз зат есімді тап.
А) алтыбақан В) жер С) даңқ Д) дария Е) жусан
7. Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтарын тап.
А) –лық,-лік В) –жан,-еке С) –ғы,-гі Д) –ым, -ім Е) –к,-ік
8. Жалқы есімі бар сөйлемді тап.
А) Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым.
В) Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын.
С) Адам ұлы адамша өмір сүрсін.
Д) Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек,қызыл пүліш камзол.
Е) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол
9. Сапалық сын есімнен жасалған баяндауышты тап.
А) Өнерлі бала сүйкімді. В) Көп сөз—күміс С) Ел жасымен көрікті
Д) Халық сөзі—қаһарлы. Е) Отан—оттан да ыстық.
10. Туынды сын есімді тап.
А) жылтыр В) биік С) момын Д) кенді Е) жұмсақ
11. «-ншы» жұрнағы жалғанатын сан есімді тап.
А) екі В) он сегіз С) жиырма алты Д) он Е) мың
12. Реттік сан есім қай қатарда дұрыс жазылған?
А) X –сынып В) 2004-жылы С) 24-қараша Д) 1-інші үй Е) 3-алма алды
13.Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді тап.
А) Ешкімге тіл қатушы болма. В) Саған тай сатып әперемін.
С) Өзің үлкен,қылығың—бала-шаға.
Д) Еріншектік—күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
Е) Әрбір жинақылықтың түбі—кеніш.
14.Болымсыздық есімдігін көрсет.
А) бірнеше В) саған С) дәнеңе Д) әлдекім Е) түгел
15.Болымсыз етістікті тап.
А) Қалам бар (ма) В) Бұл—шығар(ма) С) Сабақтан қал(ма)
Д) Қызық жарна(ма) Е) Атым Ал(ма)
16. Етістіктің болжалды келер шақ түрін тап.
А) сөйледі В) сөйлеген С) сөйлер Д) сөйлейді Е) сөйлеп отыр
17. Етістіктің жедел өткен шақ түрін көрсет.
А) жеткізер В) жеткізген С) жеткізетін Д) жеткізеді Е) жеткізді
18. Ауыспалы өткен шақ тұлғасындағы сөзді тап.
А) Қадірледі В) қадірлейтін С) қадірлеген емес
Д) қадірлейді Е) қадірлепті.
19. Бұрынғы өткен шақта тұрған сөзді тап.
А) танысқан екен В) танысты С) танып тұрмын
Д) таниды Е) танитынмын
20. Күрделі нақ осы шақты тап.
А) айтып тұрды В) алып жүрген С) бара жатыр еді
Д) оқымай жүр Е) Сурет салып отырмақшы
21 Мезгіл үстеуін көрсет.
А) өте үлкен екен В) ілгері жүрді. С) әрең ұйықтады.
Д) Қыруар жұмыс істедік Е) Бүрсігүні аттанды.
22. Мекен үстеуін тап.
А) Алға қадам басты. В) Әрең-әрең бара жатты.
С) Қасақана істеген. Д) Амалсыздан үйіне жүрді.
Е) Қолма-қол тапсырды.
23. Мақсат үстеуін тап.
А) әлгінде,емін-еркін В) орасан,әжептеуір С) жорта,әдейі
Д) тысқары,мұнда Е) Амалсыздан,бекерге
24. «тым,ең,кілең» үстеулері үстеудің қай түріне жатады?
А) мекен үстеуі В) мезгіл үстеуі С) күшейткіш үстеуі
Д) мақсат үстеуі Е) себеп-салд
25. «қалай қарай?» сұрағы қай үстеуге тән.
А) мақсат В) мезгіл С) мекен Д) сын-қимыл Е) мөлшер
НУЖЕН ОТВЕТ
Жанр (фр. genre, лат. генеріс — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі.
Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Әдебиеттегі жанр — әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М.Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты.
Объяснение: