Ребустың шешуі: ДОСТЫҚ.
Достық туралы.
Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай өзі сияқты жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман - тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Менің ең жақын досымның есімі – Аружан. Екеуміз ата – аналарымыз арқылы танысқан болатынбыз – біздің аналарымыз мектептен бері жақын құрбылар. Енді міне сол достықтары бүгінгі күнге шейін ұласып, өз балаларында жалғасын тапты. Біздің достығымыздың өзі он жылға жуық жалғасып келеді, Аружан екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді. Сондықтан мен оның көңілін қалдырмауға тырысамын.
"Дос тұтқанды қадірле" демекші, мен өз досымды бағалаймын, екеуміздің достығымызды мақтан тұтамын.
Аружан - оқу озаты әрі мектепте үлгілі, сыпайы оқушы.
Үйінде бауырларына қамқор, ата - анасына көмекші.
Өмірде осындай, Аружан сияқты досым бар мен бақыттымын. Өмірде дос таңдаудан жаңылмадым деп есептеймін. Достығымыз мәңгілік болып, біздің балаларымыз да өзіміз секілді жақын дос болсын деп тілеймін!
Қазақстанға қажет мамандар.
“Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де,талап қыл!” демекші,әлемде сан мыңдаған мамандық түрлері бар.Біреулері мемлекеттің өркендеуінде айрықша орын алса,енді біреулері туралы ештеңе де білмейсің.
Қазіргі таңда елімізге нағыз қажетті маркетолог,web-дизайнер,химик, ақпараттық технолог,өнеркәсіп саласының мамандықтары болып табылады.Әрине,әр мамандықтың алар орны бар,бірақ аталған мамандықтар бойынша білікті маман саны көп болса,еліміз де дамыған елдер қатарына қосылушы еді.Мектеп бітіріп шыққан түлектер бұл мамандықтарды емес,экономика,заң саласын таңдайды.Себебі,жоғарыда қажетті деп танылған мамандықтардың оқуы қиын әрі күрделі,сонан соң жұмыс жасау да қиын көрінеді.Бұл мамандықтар көп ізденісті,еңбекті қажет етеді.“Бейнетін көр де,зейнет көр” дегендей,жастар бұлардан қашпауы керек деп білемін.