Анама сыйлық.
Менің аяулы да ардақты анамның туылған күні жақындап келе жатыр.Ал мен сыйлыққа не берерімді әлі күнге дейін шешпедім.Анам қымбат сыйлықтарды ұнатпайды.Маған үнемі "маған қымбат иіссу алғанша,өзіңе дәптер мен қалам алмадың ба?!" деп айтатын.Сондықтан бұл жолы артық ақша құртып,анамды ашуландырмай-ақ қояйын деп шештім.Құрдастарым өз қолыңмен сыйлық жаса деп кеңес берген еді.Мен суретті жақсы саламын.Алайда құр сурет қарапайым болып кетеді деп ойлаймын.Өлең шығаратын қабілетімнің жоқтығын қарашы.Осылайша ұзақ ойланып еңбек сабағынан үйренген білімімді пайдалануды шештім.Таза, тік төртбұрышты ағашты алдым да ішін ойып рамка секілді жасадым.Ағаштың шетіне әдемі гүлдер салдым.Одан кейін тастармен әшекейледім.Анам екеуміз түскен фотоны салдым.Мінеки,өз қолыммен әрі әдемі фото салатын рамканы істеп шықтым.Енді ақ параққа өзімнің жүрегімнен шыққан тілектерді жазу ғана қалды...
Адам бар жерде құндылық та қатар жүреді . Ол адамға ғана емес , оны қоршаған ортаға да тікелей байланысты . Құндылық- әлдебір дүниенің маңыздылығын аңғартатын сипаты іспетті . Ол әр затқа табиғатынан тиесілі емес . Әр адамның таным - түсінігіне , көзқарасына байланысты әр түрлі сипатта болмақ . Қоғамда " рухани құндылықтар " , " материалдық құндылықтар " , " мәңгілік құндылықтар " сынды ұғымдар қалыптасқан . Иә , бұл жеке - дара құндылықтардың жалпы атауы болғанымен , жалпы құндылық түгелдей жалқы адамға тән бола бермейді . Мысалы , рухани құндылықты құрайтын махаббат , иман , адамгершілік , т.б. сынды жеке - жеке құндылықтардың барлығы да бір адамға тиесілі болмауы мүмкін.