М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
alexxpopovruu
alexxpopovruu
25.02.2023 11:59 •  Қазақ тiлi

мәтіндегі деректерді негізге алып,«Құндылық» сөзінің мағынасын «Топтастыру» әдісімен түсіріндіріңдер


мәтіндегі деректерді негізге алып,«Құндылық» сөзінің мағынасын «Топтастыру» әдісімен түсіріндіріңдер

👇
Ответ:
mkmoonlightovwm0o
mkmoonlightovwm0o
25.02.2023

Адам бар жерде құндылық та қатар жүреді . Ол адамға ғана емес , оны қоршаған ортаға да тікелей байланысты . Құндылық- әлдебір дүниенің маңыздылығын аңғартатын сипаты іспетті . Ол әр затқа табиғатынан тиесілі емес . Әр адамның таным - түсінігіне , көзқарасына байланысты әр түрлі сипатта болмақ . Қоғамда " рухани құндылықтар " , " материалдық құндылықтар " , " мәңгілік құндылықтар " сынды ұғымдар қалыптасқан . Иә , бұл жеке - дара құндылықтардың жалпы атауы болғанымен , жалпы құндылық түгелдей жалқы адамға тән бола бермейді . Мысалы , рухани құндылықты құрайтын махаббат , иман , адамгершілік , т.б. сынды жеке - жеке құндылықтардың барлығы да бір адамға тиесілі болмауы мүмкін

4,5(17 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

Әрбір адам мейлі, ол жазушы болсын, ақын болсын, не әнші болсын өзінің асқан бір сүйіспеншілігімен жазатын не орындайтын шығармасы болады. Ал мен жазушы да, ақын да, әнші де емеспін. Бірақ бүгінгі жазылмақ болған шығарма мен үшін үлкен жауапкершілікпен жазылар шығарманың бірі болмақ. Бұл шығарманы мен кітаптан да, ғаламтордан да көшірмедім. Теңіздің жағаға толқып соққан толқындарындай жүрекпен көңілден шыққан ойлар... Бұл шығарманың тақырыбы тамырын тереңге жайған үлкен ағаш секілді. Тамыры тереңге жайылған ағаштың, жапырағы да көгеріп мәңгі көктеп гүлденері шындық. Тамырын тереңге жайған, жапырағы жайқалған ағаш деп отырғаным қазақ ұлты , қазақ елі, қазақ халқы. Бұл мен үшін мәңгілік ел бейнесінде көрініс тапты.

4,7(80 оценок)
Ответ:
julylana
julylana
25.02.2023

Қазақта күшті бірді жығады, білімді мыңды жығады деген асыл сөз бар. Адам егер де көп уақытын түрлі ақпараттың, кітаптардың соңында өткізер болса, ол мыңнан жүйрік атанады. Білім кез келген адамның келбетін, санасын сұлуландырып тұрады. Адам өмірінде білім аса маңызды рөлді ойнайды. Білімсіз адам жалаңаштай, ол ештеңе білмесе , онымен сөйлесетін де дәнеңе қалмайтындай.  Білім - бұл үнемі маңызды ақпаратпен толықтырылатын қобдиша. Білім алаотырып, біз болашақта баға жетпес қызметке орналаса алатын тәжірибе жинақтаймы з. Біз білімді кейде еріксіз алып жатамыз. Себебі білім барлық жерде. Ол анамыздың бізге айтқан ақылында, достарымызбен сөйлескен аз ғана уақытта... Білімді болу үшін адамға тау қопарудың қажеті жоқ. Тек үнемі ізденісте болсаңыз болғаны.Білім - теңіз. Білімнің шегі жоқ. Адам бұл өмірде бәрін білдім, болдым десе қателеседі. Себебі ол расымен де теңіз секілді. Ешқашан да бітпейді. Білімді адам қашан да кез келген ортаның алды болады емес пе? Сондықтан болар ата-анамыз бізді жастайымыздан білімге, ғылымға баулиды. Білім біздің болашақта жейтін нанымыз.

4,6(47 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ