Әлеуметтік желінің жақсы да жаман жағы бар.
Бір жағынан Әлеуметтік желіде көп уақыт өткізетіндердің көздері нашарлайды және де ұялы телефон бөліп шығаратын радияция да адам ағзасына зиян.Бірақ әлеуметтік желіден өзімізге керек ақпаратты тез тауып алуға болады.Әлеуметтік желіні біз күнделікті өмірде қолданамыз.Көбінесе әлеуметтік желіде жастар көп уақытын өткізеді.Сондықтан кейбір оқушылар оқуын қойып бұзылып та жатыр.Жастардың көбісі әлеуметтік желісіз өмір сүре алмайды.Әлеуметтік желіде таңдалған уақытта ғана отыру керек.Біз жастар әлеуметтік желіде уақытымызды жоғалтқанша жұмыс істеп сабақ оқыған жөн.Әлеуметтік желіде отыруға уақыт табамыз уақыттарыңды босқа құртпай пайдалы іспен айналысу керек.
P.S. Осынша сөз жететін шығар.Мен өзім сабаққа кеттім.
Абай айырмашылығы: Өзінің мұрасымен классик ретінде танылып қана қоймай, өзіне тән дәстүрі бар ақындық, адамгершілік, ағартушылық мектебін ашқан, өз маңайындағы шәкірттері қанаттанып ұшуына үлкен ықпал жасаған ұстаз ретінде танылады. Белгілі абайтанушы М. Әуезов көрсеткендей, қазақ еліндегі басқа ақындармен салыстырғанда Абайдың үлгісін алған шәкірттері болуы – тарихи жаңалық.
Шәкәрім айырмашылығы: Абай қандай бағыт ұстанса, сондай бағыт ұстанған. Барлық шығармаларының идеясы қазақ қоғамын еңбекке, мәдениетке, адамгершілікке, әділдікке шақыру болады, адал махаббатты жырлайды, әлеуметтік теңсіздікті сынайды, соның ішінде әсіресе әйел теңдігінің жыршысы болады, әйелдерді кем санап, тағылық, деспоттық жасаушыларға қарсы шығады.
Ұқсастықтары: Тақырып, мазмұн жақтарынан ұстаз бен шәкірттің өлеңдері, карасөздері ұштасып жатады. Абайдың тәлімдік, тәлімгерлік таланты Шәкәрімнің сегіз қырлылығында өз көрінісін табады. Ұстазында кездесетін, өзіне дейін қазақ мәдениетінде ұшыраспайтын құбылыстарды дамытқан. Қазақ халқының этногенезі туралы Абай екі ауыз сөз қалдырып, сол сөзінде этногенезді зерттеу бағдарын анықтаған. Абайдың тапсырмасымен 19 жасынан мәліметтерді жинаған Шәкәрім мазмұн және форма жағынан ерекше «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресін» құрастырған. Өзге дәстүрлі шежірелерден айырмашылығы – тек қана жүздер мен рулардың пайда болуы туралы аңыздардың жазба түрдегі жинағы емес, бұл автордың қазақ елінің тарихи санасын, ұлттық сезімін жоғары көтеретін тәлімдік ойлар қорытындысы еді.