М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
somofsomof
somofsomof
27.06.2021 17:09 •  Қазақ тiлi

6-тапсырма. «Менің сүйікті жазушым» тақырыбына эссе жазыңдар. Талаптары: • эссе тақырыбының желісінен шықпаңдар; • әрбір азатжолды жүйелі құрастырыңдар, арасында байланыс болсын; • мазмұнын ашатын деректер келтіріңдер; • деректі, дерексіз зат есімдер мен теңеу, эпитеттерді қолданып жазыңдар; • көлемі шамамен 90 сөз болсын.

👇
Ответ:
raku13
raku13
27.06.2021

Менің сүйікті жазушым Абай Құнанбаев.Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын қазынасы. Абайдың сөзі – халықтың бойтұмары. Заман, уақыт талабына сай Абайды жаңа қырынан тану – өмір заңдылығы деп білемін. Абай өңі қараторы, екі көзі тостағандай әрі өткір, кең маңдайлы, дембелше бойлы бала болыпты. Мінез жағынан ширақ, өткір, аңқаулығы мен тентектігі де аралас болса керек. Әсіресе ол аса ұғымтал, бір көргені мен естігенін ұмытпайтын зерделілігімен айрықша көзге түсетін. Кейін кемеңгер Абай адамның ең жақсы қасиетіне санаған "білмекке құмарлық" өзінің туа біткен мінезі десе де болғандай. Оның бала кезін білетіндерден қалған сөзге Қарағанда, Абай ертегі-аңыздар, ел ішінің өткен өмірінен қалған алуан түрлі әңгімелер, өлең-жырлар десе, ішкен асын жерге қояды екен. Мұндайда көп мазалайтыны сондай әңгіме-хикаяларды, әсіресе ертегілерді көп білетін әрі нақышына келтіріп жалықпай айтатын өзінің әжесі еді. Шешесі Ұлжан да ара-тұра хикая құмар ұлына ел ішінің күлкілі оқиғаларын мысқыл, сықақ қоса отырып, кызықты етіп әңгімелеп беретін. Кең-байтақ қазақ жерінің шығысындағы бір құтты қоныс, қасиетті аймақ ол кезде Семей облысы аталатын. Соның төскей төрінде көне тарихтың үнсіз куәсі — әйгілі Шыңғыс тауы жатыр мұнартып. Сол таудың көп бұлақ, көк өзенді жал-жоталары ақбоз үйлер мен төрт түлік малға толы жаз кезі-тін. Осы қалың ел ішіндегі көкмайса көркем қоныстағы бір ауылдың сәулеті өзгеше, сонысынан да ма, аздап сұстылау көрінетін. Міне, сол ауылда, 1845 жылдың тамыз айында нәресте дүниеге келді. Нәрестенің өмірге келуі, оның үстіне — ұл болуы — ол заманның қазағы үшін тіптен ерекше қуаныш еді. Ел молдасы азан айтып, баланың құлағына үш рет айқайлап, атын қойды. Былайғы қалың қазақтың қарапайым тілімен Ыбырайым демей, нәресте туған үйдің өзгешелігіне бейімдеп — арабшасына жақындата Ибраһим деп атады. Құрметті ақсақалдар мен ажары ашық бәйбішелер бала туған үлкен ақ үйге кіріп: "Бауы берік болсын! Ата-бабаларындай атақты, абыройлы болсын!" — десіп жатты. Шынында да, бұл баланың ата-бабалары өте атақты болатын. Арғы түбін айтпағанның өзінде, жас Ибраһимнің туған атасы әйгілі Өскенбай би еді. Ол кісі бұ күнде дүниеден қайтқан. Шыр етіп түскен сәбиді етегіне орап, көтеріп алған мейірбан жүзді қарт әйел, әне, сол қадірлі бидің бәйбішесі, яғни мына сәбидің туған әжесі Зере болатын. Әкесі — Өскенбай бидің өжет баласы, жасында жау түсіргіш қарулы жігіт болған, бүгінде ел "қарадан хан болған" деп марапаттайтын аға сұлтан Құнанбай-тын. Шешесі мінезге бай, ауылға жайлы, сонысымен аса сыйлы Ұлжан бәйбіше еді. Бұл кісі де текті жерден шыққан. Әсіресе өткір сықақ-мысқылға жүйріктігімен аты шыққан елдің қызы. Абайдың біреудің мінін ащы тілмен, ажуа-мысқылмен мінегіштігі шешесінің төркіндерінен — нағашы жұртынан жұққан десетін жұрт. Әлгінде үлкендер жаңа туған нәрестеге "ата-бабаларындай атақты, абыройлы болсын!" дегенде, меңзеп отырғандары осылар болатын

Объяснение:

4,4(48 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
1234567890824
1234567890824
27.06.2021
Наше время это независимость, наша цель - мир и благоденствие. в нашем мире есть одна страна это казахстан. к середине 80-х годов в советском обществе стала настоятельно необходимость перемен. ярким примером старого и нового мышления стало выступление старой молодежи. во все времена и у всех народов емким и концентрированным олицетворением государственности и независимости  выступали государственные символы. у нас есть величественные, идейно богатые герб, флаг и гимн. в этом мире у нас есть только одна отчизна - это независимый казахстан! пойдет?
4,4(47 оценок)
Ответ:
Xoroshiyi
Xoroshiyi
27.06.2021
Жер бетіндегі тіршілік үшін судың мәні зор . су болмаса , өсімдік өспейді . жануарлар да , да сусыз тірішілік ете алмайды . фабрикалар мен зауыттардың жұмысына да су қажет .сусыз ас дайындау да мүмкін емес . суды ішеміз , сумен жуынамыз , кір жуамыз .мұхит , теңіз , өзен – көлдер табиғатқа ерекше тартымдылық түр береді . өзен – көлдердің жағасы керемет демалыс орны ретінде пайдаланылады. жер бетінде су көп . бірақ мұхиттар мен теңіз сулары ащы болып келеді.ң пайдалануына тұщы су қажет . тұщы сулар өзен – көлдерде , мұздықтарда және жер астында кездеседі . жер бетінде тұщы су қоры күннен – күнге азаюда . оның азаюына ң әсері көп . жер бетіндегі әр суды қорғауы тиіс . зауыт , фабрикалардан шыққан қалдықтарды өзен – көлдерге ағызбаған дұрыс . ауылды жерде су қоймаларына мал фермасының лас қалдықтары түспеу жағы қадағаланады. жер бетіндегі тұщы судың азайғандығын әр ескеруі тиіс . суды үнемді пайдалану керек . егер су құбырының шүмегінен судың тамшылап тұрғанын көрсең , оны бұрап бекіт . суды ретсіз шашып , ысырап етуге болмайды. өміріндегі судың маңызы сусыз тіршілік жоқ, егер де бір аптаға жуық су ішпесе, өмір сүруін тоқтатады, күн сайын шамамен 3 литрдей суды ішеді.су бойында қан айналымды жақсартып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді . егер де ң денесінен 1,5л су ағзадан буланса немесе тер күйінде шықса, қаталап шөлдейді. шөлге қарсы 3т күннен артық күресе алмайды.егер денесіндегі судың 6-8 %азайса , жартылай есінен танып қалады.10% азайса сілекейін жұтады,ал 12% кемісе өліп кетеді. су ішпей 5-7 күн жүре алады. ға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.суды тамақ пісіруге , ішуге , жуынуға , кір жууға , бояуларға қосуға (бейнелеу өнері) ,тіпті судан электр қуатын өндіреді.су жол (өзен, теңіз, көліктері, ағаштарды су арқылы ағызып тасымалдаушы) .су – еңбегінің көмекшісі (егістік, зауыт, фабрика) .су – қозғалтқыш (паровоз, пароход) .
4,6(41 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ