1941 жылы 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші “негізгі шешуші шабуылды” бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8-гвардиялық-панфиловшылар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. 16-қарашада жау Волоколам бағытында ұрысқа шығып, Дубосеково разъезіндегі 1075-атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков басқарған взвод жауынгерлері — барлығы 28 адам мылтықпен, жанармай құйылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісімен 4 сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 14 танкісі қиратылып, панфиловшылар арасынан да бірнеше адам қаза тапты. Жау ұрысқа тағы 30 танк шығарды. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшылардың 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас өнертапқыштар жаңа құлтемірді лего құрастырғыштарының тетіктерінен жасаған. Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының еңбегі халықаралық бәйгеде үздік деп танылды, деп хабарлады 24.kz. Робот құрастыруда физика, математика, химия, биология пәндерінің берері мол. Тыңнан түрен салған таланттар үшін төзімділік қажет. Өйткені, бір роботты құрастыру барысында миллиондаған майда лего құрастырғыштармен жұмыс істеу қажет. Болашақта бар қызметті құлтемірлер атқарады. Жас өнертапқыш Санжар Асықбаев бұған сенімді. Сондықтан, робот техникасын дамытуды осы бастан қолға алу керек деп санайды. Өзі достарымен бірігіп, қала көшелерінде қоқыс жинайтын машинаны ойлап тапты. Жанармайды қажет етпейтін экологиялық таза құрылғы бір айдың ішінде құрастырылған. - Бұл Трэвиш» деп аталады. Оның басты мақсаты - қаладағы қоқыс мөлшерін азайту. Күн батареясын қолдану арқылы өзінің энергия қорларын қайтадан жаңарта алады, - дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Санжар Асықбаев. Демек, жақын жылдары елордада қоқыс жинап жүрген робот көрсеңіз, таң қалмаңыз. Бұл - жас өнертапқыштарымыздың жетістігі. Робот құрастыруда әлем бойынша Жапонияға тең келетін ел жоқ. Дегенмен, отандық өнертапқыштар да ешкімге есе жібермек емес. Балалар саланы дамытуға мүмкіндік бар деп отыр. Ол үшін қажырлы еңбек ету керек. Санжар бастаған команда өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Олардың жұмысы жақында ғана халықаралық байқауда үздік танылды. Шарада Ресей мен Сербияның жас өнертапқыштары да бақ сынаған болатын.
Объяснение: думаю правильно
кллкоклке