9-тапсырма. «Құндылық» сөзіне бес жолды талдау жаса. 1. Зат есім. Не? Құндылық. 2. Сын есім. Қандай? Баға жетпес, асыл. 3. Етістік. Не істейді? Құрметтейді, сыйлайды. 4. Синоним. Байлық, рухани қазына, мұра. 5. Сөйлем …
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
Шет елден Ерланға досы Михаил келді. Ернар: Сәлем, Михаил! Халің қалай? Михаил: Сәлем, Ернар! Халім жақсы. Өзің қалайсың? Ернар: Менің де халім жақсы. Жүр, үйге кір. Апам тамақ әзірлеп қойды. Сенің қарның ашқан шығар? Михаил: Иә, менің қарным ашты. Апаңның дайындаған тағамдары өзгеше екен, маған бұл тағамдар туралы айтып берші. Ернар: Жарайды, айтайын. Мынау - бешбармақ. Ол қазақтың ең басты тағамы. Оны сыйлы қонақ келген кезде жасайды. Бешбармақтың негізгі құрамы еттен тұрады. Ал мынау- бауырсақ. Ол ұннан жасалады. Ол өте демді. Қазақтың ең керемет тағамдарының бірі ол- қазы. Оны жылқының етінен жасайды. Қазыны басқа малдың етінен жасауға болмайды. Ал сусынға келетін болсақ, біздің дастарқанымызда шұбат және қымыз тұр. Шұбат - нардан, ал қымыз - биеден алынады. Олар сенің шөліңді тез қандырады, ішіп көр. Михаил: Иә, қазақ асханасында осыншама дәмді тағамдар бар деп ойламаппын. Өте керемет. Анаңа рахмет. Өте дәмді болыпты. Қазақ дастарханы әрқашан жайнап әртүрлі тағамдарға толы болып тұрады екен. Келгеніме түк өкінбедім. Рахмет, Ернар. Сау бол. Ернар: Сау бол, Михаил.
5.Отбасым менің басты құндылығым.