М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
musa31052001
musa31052001
17.03.2021 11:06 •  Қазақ тiлi

1. Ақын кімді, нені қор қылма, қорға дейді? 2. Абай а аздырар, өкіндірер не нәрсе дейді? 3. Ақын өз өмірінен неге түңіледі? Айғаймен өтті, қорлықпен өткен деп нені меңзеп тұр? 4. Сырт айналған сырласың кім? Қандай адам? Ол саған не істейді? 5. Ақын «Менің де күнім күн емес» деп неге қапаланады? Өз ойларыңмен түсіндіріп беруге тырысыңдар.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
marinka713
marinka713
17.03.2021
Жауынгер аға

Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.

Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.

Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.

Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
4,4(3 оценок)
Ответ:

Анашым! (авторы Мұқағали Мақатаев)

Асыл анам, есіл анам,

Елжіреп есіркеймін, есіме алам.

Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді

Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.

Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,

Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,

Оқытып кешеу барған хаттарымды

Отырмысың үрпиіп, жаның ашып?

Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,

Оқуын ұлың жақсы аяқтады.

Анашым, білем сені, қарсы емессің

Кеттім мен тың даланы оятқалы.

Анашым!

Қайда жүрсем сен - күш, арым,

Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.

Қайда барсам, өзіндей қарсы алады

Кең байтақ Отанымның кең құшағы.

Анашым!

Жаратылдың бағыма шын

Білемін көңілсізсің, сағынасың.

Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар. Қ

апа болма мен үшін, неғыласың...


Жан анама (Берикболова Бекзат)


Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,

Бар шуағын баласына арнаған.

Бір өзіңнен қуат алып өмірде

Сенің салған сара жолды жалғағам.


Айымсың ғой жарық қылар түнімді,

Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді.

Бір Алладан саулығыңды тілеумен

Атқызамын әрбір ғажап күнімді.


Қымбат жансың, мен үшін ең асылсың!

Аллам сенен жамандықты қашырсын.

Әкемменен мәңгі шалқып бақытқа

Жастарыңды жүзден дағы асырсын!


Тілегімнің бастауы да бір өзің,

Мейiрiмге толы мынау нұр жүзің.

Сен жанымда болған кезде әр сәтім

Жаздай жайлы қысым менен сұр күзім.


Бақытымсың, жаным анам, жан анам,

Мен өзiңдi періштеге балағам.

Ауырмашы,  қартаймашы ешқашан.

Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.


Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.

Аман жүрсең - маған сол гой керегі.

Бақытты бол, ауырма деп тілейді

Сәбиiңнiң жұдырықтай жүрегі!

4,4(75 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ