1-нұска 1. 20 Н күш жұмсап жүкті вертикаль жогары көтереді. Егер жүкті көтеру биіктігі 2м болса осы күш қанша жұмыс атқарады? 2. Массасы 9 г ок винтовка ұнғысынан 800 м/с жылдамдыкпен шығады. Оның кинетикалық энергиясы неге тең? 3. Су ішінде көлемі 10 м тасқа әсер ететін кері итерушi күшті есептеңіз 4. Массасы 6610 кг шынжыр табанды трактордың табандарының тірек ауданы 1,4 м². Осы трактордың топырақ бетіне қысымын анықта 5. 4c iшiнде 2000Дж жұмыс атқарған қозғалтқыш қуаты қандай? физика
Хабарландыру!
Құрметті қала тұрғындары мен қала қонақтары!
Қаламыздағы тарихи - археологиялық музейде маусым айының 10 мен 24 аралығында "Алтын адам" атты көрменің ашылуы болатынын хабарлаймыз!
Бұл көрмеде сіздер Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің кимінің көшірмесі мен обадан табылған "аң стилінде жасалған "барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін әшекейлерді тамашалай аласыздар.
«Аң стилі» – әлемдік өнер атаулының ішіндегі биік белестердің біріне айналған ерекше құбылыс. Біздің бабаларымыз ежелгі металлургия ісін дамыта отырып, технологиялық жетістіктерге қол жеткізді.
Көрменің салтанатты ашылуы 10 маусым күні сағат 10.00.
Келіңіздер, көріңіздер, тарихи жәдігерлермен таныс болыңыздар!