М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
stasikpavel
stasikpavel
12.07.2021 21:02 •  Қазақ тiлi

1. -ау –еу жұрнақтары арқылы қандай сан есімдер жасалады? А) есептік В) жинақтық С) реттік D) жалпылау Е) болжалдық

2.Төмендегі сөздерден дұрыс жазылған шылауды табыңыз.

А) барған ды

В) келеді міс

С) үркек қой

D) Отан үшін

Е) ұшады ме

3. Сұраулық шылау арқылы жасалған сөйлемді табыңыз.

А) Жаңбыр жауып тұр (ма)

Б) Ғылым таппай мақтан (ба)

С) Жабырқа (ма)

D) Орын таппай баптан (ба)

Е) Көтер( ме)

4. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз.

А) менің

В) сіз

С) оған

D) оның

Е) анау

5. Мағынасы қарама-қарсы сөзді табыңыз.

А) жаңа-ескі

В) ескі-жақсы

С) көне-ескі

D) көне-көнетөз

Е)жаңа- жаңалау

6. Мақал-мәтелді толықтыр:Дос сыртыңнан ..., Дұшпан көзіңе ... .

А)мақтар

В)жүрер

С)жазар

Д)келер

Е)барар

7.Бос орынға қажетті шылауды қойыңыз: Медет досымен ... гүлдер дүкеніне барды.

А)туралы

В)бірге

С)кейін

D) дейін

Е) шейін

8.Дос қандай болу керек?

А)қарапайым,өтірікші,сыр бөлісетін

В)адал,кекшіл

С)ақымақ,сабырлы

Д)қол ұшын беруге дайын

Е) сөзінде тұрмайтын, сатқын

9.Қатыстық сын есімі бар сөйлемді табыңыз.

А)Кітап дүкенінде көркем әдебиет бөлімі бар

В)Оқушылар күзгі демалысқа шықты

С)Байдың үйі кең

D))Астана-ең әдемі,жас қала

Е) Бақшада әдемі гүлдер өсіп тұр

10. Жедел өткен шақ жұрнақтарын анықтаңыз.

А) –мақ, -мек, - пақ, - пек, -бақ, - бек

В) – а, - е, - й

С) –ды ,-ді, - ты, - ті

D)- ған, - ген, - қан, - кен

Е) –ып, -іп, -п

11. Мақалды табыңыз.

А) Бұл жолы Әмірқан басқа әнге салды.

B) Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

C) Ғылым таппай мақтанба.

D) Жазда мен ауылға бардым

Е) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

12. Заттың санын білдіретін сөз табын көрсетіңдер

А) зат есім

В) сын есім

С) етістік

D) есімдік

Е) сан есім

13. Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз.

A) Маңайда.

B) Клубтан.

C) Мектептің.

D) Көркемөнер.

Е)Доппен

14. Түбір сөзді табыңыз.

А) Ақтау.

B) Гүл.

С) Орманшы.

D) Қосымша.

E) Бөлгіш.

15. Туынды сын есімді атаңыз.

A) Ақылды

B) Қара.

C) Биік.

D) Таза.

Е) Кір

16. Заттың, құбылыстың сын-сипатын, көлемін, түр-түсін, сапасын білдіретін сөз табы

А)сан есім;

В)етістік;

С) одағай;

D) сын есім

Е) зат есім

17. Синонимдерді табыңыз

А) Ниет, жүрек

В) Отан, туған жер

С) Бұтақ, гүл

D) Данышпан, кеме

Е) Қызыл, жасыл

18. Көптік жалғаулы сөзді табыңыз.

А) білімді

В) теледидар

С) айтар

D)құстар

Е)көпшіл

19. Күрделі сөзді табыңыз.

А) жаз

В) қалам

С) адамгершілік

D) жиырма алты

Е)білімді

20. Нақ осы шақты табыңыз.

А) Жаңбыр тоқтады

В) Қар жауып тұр

С) Жапырақтар құрады

D)Айдар ертең келіп қалар

Е)Ауланы таңертең тазартамыз

Оқылым

Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Ауылда

Өткен демалыс күні ауылдағы нағашы апамның үйінде болдым. Сөйтіп апам мен атама көмектестім. Ауылдағы өмір өте қызық. Ерте әтештің шақырған дауысымен ояндым. Апам бие сауып жатыр екен. Атам малдарды жайлауға шығарып жатыр екен. Мен сиырларды өріске қосып келдім. Сосын атам екеуіміз қозы-лақтарды қораға шығарып, құстарға жем салдық. Осы кезде апам бізді дастарқанға шақырды. Барлығымыз жазғы ас үйде отырып, таңғы асымызды іштік. Апам бәрімізге үлкен кесемен ыстық сүт құйып берді. Сосын біз атам екеуіміз шөп шаптық. Кешке достарыммен алтыбақан тептік.

Осылайша бір күннің қалай өткенін білмей қалдым.

21.Мәтінде кейіпкер демалыс күні қайда болды?

А)тәтесінің үйінде

В) ауылдағы нағашы апамның үйінде

С) досының үйінде

Д) қаладағы нағашысының үйінде

Е) көрші ауылда

22.Мәтіндегі күрделі сөздерді табыңыз

А)дастарқан

В) достарыммен

С) үлкен кесемен

Д) алтыбықан

Е) жайлауға

23.Мәтінде қандай үй жануарларының төлдері көрсетілген?

А) түйенің

В)сиырдың

С)қой-ешкінің

Д) жылқының

Е) доңыздың

24.Мәтіндегі «достар» сөзінің синонимін табыңыз

А) ағалар

В) сыныптастар

С) таныстар

Д) жолдастар

Е) дұшпандар

25.Мәтіндегі «ерте» сөзінің антонимін табыңыз?

А) кеш

В) таңертең

С) түсте

Д) былтыр

Е) жазда
дам 4&

👇
Ответ:
ilia200575
ilia200575
12.07.2021

ответ:1с 2.д 3а 4г5а 6е 7б 8д 9а 10б 11 а 12 с

Объяснение:

4,4(62 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Liz1ka
Liz1ka
12.07.2021
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық. Туған жер Беу, Туған жер! Сен ыстықсың біздерге. Мың-мың дастан жатыр Халқым басқан іздерде. Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай Даналықтың жырын жастар іздер ме? Жыр жазам деп талпынады жас балаң. Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам. Жүрегінің түкпірінен шығарып Жырды шашу болды оған бір арман. Менің кіндік қаным тамған жер облысындағы ауданы. Балалығымның сегіз жылын сол өңірде өткіздім. Табиғаты тамашалауыма жазғы демалыста барып тұрамыз. Бойды сергітер таза ауасы мен мөп-мөлдір өзенін «жанға дауа, дертке дауа»- деп атам көп айтады. Мүмкін мендегі өлеңге деген құштарлықты осы тамаша табиғат оятқан болар.
4,5(59 оценок)
Ответ:
lerafilippovа04
lerafilippovа04
12.07.2021
Катонқарағай ауданы емдік-сауықтыру туризмін дамыту үшін үлкен мүмкіндіктері бар, онда термальды радон көздері негізінде «Рахман қайнарлары» бальнеологиялық шипажай жұмыс істейді (1964 жылдан бастап жұмыс істейді), онда емдік процедуралардың кең спектрі ұсынылған.

Шипажай Катонқарағай мемлекеттік ұлттық саябағы аумағында орналасқан.

Шипажайдың құндылығы – минералды радон көздерінде.

Шипажай жыл бойы істейді, бір жылда орташа алғанда 2-2,5 мың адамды қабылдайды.

2013 жылы келушілер саны 2012 жылмен салыстырғанда 1,3 есе (2012 жылы 2128 адам, 2013 жылы – 2690 адам).

Шипажайдың сыйымдылығы - 80 орын, профилі - бальнеотерапевтік.

Негізгі проблема жетудің қиындығы, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін инфрақұрылымның болмауы, тұрғын үй мен тамақтандырудың төмен сапасы, қызмет көрсету сапасы мен деңгейінің сәйкессіздігі.

Емдік-сауықтыру туризмінің екінші маңызды бағыты пантымен емдеу болып табылады. Бұл бағыт перспективада Шығыс Қазақстан туризмінің халықаралық мамандануын анықтай алады, себебі ел ішінде басқа жерде мұндай қызметтер көрсетілмейді, ал пантымен емдеу үшін аздаған елдердің ғана жеткілікті ресурсы бар.

Емдеудің бұл түрі дамып келеді және Шығыс Қазақстандағы емдік-сауықтыру туризмін одан әрі дамыту үшін үлкен әлеуеті бар.

Туризмнің бұл түрін негізгі және ең ірі ұсынушы Катонқарағай ауданы болып табылады. Мұнда 6 емдік-сауықтыру кешені бар, үшеуінде жыл бойы қызмет көрсетіледі. Пантымен емдеу қызметтерін көрсететін туристік нысандардың жиынтық сыйымдылығы 200 төсек-орын.

Пантымен емдеу маусымнан тамызға дейін жүзеге асырылады, келушілердің ең көбі шілде айына келеді. Осы кезеңде шипажай шамамен 400-500 адамды қабылдайды.

Бұдан басқа, пантымен емдеу Күршім, Жарма, Зайсан, Зырян аудандарында жүзеге асырылады.

Жалпы облыста 14 пантымен емдеу орны бар, соның ішінде 290 орындық жыл бойғы, жыл сайын бұл емдеу орындары 5,5 мың адамнан аса қабылдай алады.
4,5(45 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ