12-тапсырма. Төмендегі мәліметтерге сәйкес тауларды көлеміне қарай диаграммаға салып көрсет. Солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс, оңтүстік- шығыс, Тянь-Шань сөздеріндегі дефистің қойылу себебін парталасыңмен бірге талда. Көкшетау – Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жaқпapтaсты, ор- манды, көлді тау. Оңтүстіктен солтүстікке қарай 20 км-ге доғаша иіле созылып жатыр, ені 5 км-дей. Алатау таулары Қазақстан мен Қырғызстан жерінде. Орташа биіктігі – 4000 м, ең биік жері – Манас шыңы (4484 м). Баянауыл тауы Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау. Абсолюттік биіктігі – 600-1000 м, ең биік жері – Ақбет тауы (1026 м). Қаратау — Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік-батысында орна- ласқан тау жотасы. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 420 км-ге созылып жатыр, енді жері – 60 — 80 км (оңтүстік-шығы- сындағы Боралдай жотасы). Ең биік жері – Бессаз тауы (2175 м очень надо
ДОБАВИТЬ ОТВЕТ
Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды .Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат қоғамы соғыстардан көз ашпады. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5.5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» етіп тұрыпты. Қалған уақыттың бәрінде «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал»-деген қағидамен өмір сүріппіз. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десекте, әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде. Батыстың бір ғалымыныңесептеуіне қарағанда өткен ХХ ғасырдың соңғы 45 жылында әлемде бар жоғы 12 ғана «бейбіт» күн болыпты. Кейінгі 40 жылдың ішінде ғана дүниежүзінде 250 соғыс болып, 354 млн. адам қаза тауыпты.
Сөйтіп, бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, бейбітшілік үшін күресу – ХХІ ғасырдың да өзекті мәселелерінің бірі болып, мұраға қалдырылды, Халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті сондықтан жалпы адамзаттың құндылықтар қатарына қосып отыр.