Ахмет Байтұрсынов – ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. 1884 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895 - 1909 ж. Ақтобе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс- қазақ училищерінде мұғалімдік қызмет атқарады. Байтұрсыновтың қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш еңбегі « Әдебиет танытқыш» (1926). Байтұрсынов тілші ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілінің мәселелері туралы мақалалар жазды.
1)Қазақтар көшпелі халық болды, әр жазда жайлауға, қыста қыстауға, күзде күздеуге солай көшіп мал бағып өмір сүрді.Азықтары ет, сүт, айран, қымыз, шұбат т.б
2)бұрынғы қазақтар, алып денелі,әділ, шыншыл, сөзінде тұра білетін, адамдар болды.
3)Жоңғарлар шабуыл жасағанда, орыс үкіметі қазақ деріне келіп қысым жасап, малдарын алып алып, қара жұмысқа салып, салық төлеткізді, 1930-1932жылдар аралығында аштық болды, сол ккзде қазақтардың көбісі ұрпақтарын сақтап қалу үшін Қытайға, Өзбекстанға, Қырғызстан, Түркияға бас сауғалауға кетті.Қазірде қандастарымыз өз отандарына біртіндеп оралуда.
4)Әр адам өз өмірімізде жасағанымызды ой иелігінен өткізіп, сын көзбен қарап отыруымыз керек. Көбінесе ойланбай сөйлегеннен адам опық жейді.
Табиғат - ғажап әлем.
Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.
Бізді қоршаған орта: жан - жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер - Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман - тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
Табиғат – барлық тіршілік атаулының құтты қоныс - мекені, алтын ұя - бесігі, бар байлықтың ырыс, қазынасы. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым! Өйткені адамның өзін дүниеге алып келген аяулы да ардақты Анасы, сондықтан да адамның табиғатты «Ана» деп құрметтеуінде де өте терең танымдық та, тағылымдық және тәрбиелік мәні зор ұғым жатыр.
Туған жерді Анам демей не дейін,
Туған жерді панам демей не дейін.
Туған жермен асқақ менің ән - жырым,
Туған жермен асқақ менің мерейім.
(Жұбан Молдағалиев)
«Табиғат – Ана», «Жер – Ана», «Отан – Ана» деген киелі сөздердегі «Ана» деген сөздің қосылып айтылуында зор мән бар, яғни бұл сөздер адамды дүниеге әкелуші, әрі оған өмір сыйлап, өз перзенттеріндей аялы алақанымен аялап, жүректегі ең ыстық ықыласы арқылы бүкіл мейірім шапағатын арнайтын аяулы да ардақты «Ана» деген ұғымды нақтылай түседі. Табиғат, Жер – Ана, туған жер, атамекен, ауылым деген жанға жайлы, сезіміңді сергітетін сөздер бір - бірімен үнемі үндесіп, құлаққа жағымды естілетін бір - бірімен мағыналас мазмұны бай сөздер.