Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан бай қазыналардың бірі киіз үй. Ол ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы, ішіне жарық түседі, ауа алмасуы талапқа сай жел- дауылға көп шайқалмайды берік, төбесі жадағай емес күмбез болып келгендіктен шаңырақ шеңберінің радиусы күлдіреуіш арасында бурыш 45̊̊̊ болғандықтан жаңбыр іркілмейді. Түндіктен кірген салқын ауа төмен түсіп жылы ауамен суықты от жаққанда түтін арқылы сыртқа шығарады.Киіз жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан аптап ыстық сая, ызғырықты қыста жылы.
Қазақ балалар ертегілерінің басты ерекшелігі есте жоқ ерте заманда туып, ежелгі дәуір құбылыстарын сақтап келсе де, олардың бәрі біріншіден, халқымыздың тұрмысын, салтын бейнелейді, күнделікті өмірін көрсетеді. Әрине, өмір шындығын қиял-ғажайып ертегілер тікелей, сол қалпында емес, эстетикалық тұрғыда бейнелейді. Өмірдегі тартыстар, болмыс-көріністер, әдет-ғұрып бәрі де халықтың эстетикалық рухына сай түзіледі. Екіншіден, ертегілердің бәрі дерлік бас кейіпкерлерін қиын да күрделі, азапты да аянышты кешулерге сала отырып, балаларды ерлікке, отансүйгіштікке баулиды. Мәселен, «Алтын сақада» сол сақасын алуға барған баланың ерлігінің арқасында оның ата-анасы ғана емес, тұтас туған елі жалмауыз кемпірдің қорлық-зорлығынан азат болады.