Сан ғасыр бостан болар күнін күткен,
Алаш ел биік бүгін білімді ұлтпен.
Талай шаһар бабалар салғаны анық,
Тарих боп көне жұртта сырын бүккен.
Таусылмас шежіресі, сірә, қатпар,
Өткеннен сыр іздесең мұраны ақтар,
Сыр бойында қорған боп жатқан жоқ па -
Ескі астана - Жанкент шаһар, Сығанақтар.
Қазақ өсті болмысы арға тұнған,
Кешеден бүгінгіге жалғатып ән.
Іздеген жан тарихтың табар ізін
Орынбор, Қызылорда мен Алматыдан.
Өткенін танып ел де сүйінген-ді,
Үйренді ұлт сол арқылы иілмеуді.
Талайға тәлім берген заман көші
Арқада Астана боп түйінделді.
Тәуелсіз боп іргесі қаланғасын,
Белгілі елге ешкім сын таға алмасы.
Бұл қаланың өзгеден жөні бөлек,
Өйткені ол - Еркіндік Елордасы.
Жүзеге асып Елбасы бастамасы,
Мойындады ұлтымды дос та, қасы.
Сарыарқаның төрінде - сәнді шаһар,
Ол - Қазақтың Елінің Астанасы!
Мемелекеттік тіл тәуелсіз еліміздің негізгі рәміздерінің бірі де болып саналады. Әрбір өркениетті елдің туы, елтаңбасы, әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де егеменді еліміздің, мемлекетіміздің бір белгісі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп нақты көрсетілген. Қазақ тілі тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін әрбір азаматтардың тілі. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан 30 елдің қатарына ену үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз баршамызға қажет деп санаймын. Елбасыздың ана тілі туралы қарапайым қазақша айтқан мына сөздерін еске алсақ «Тіліміз бар десек, тіліміз бар болады, ол бақытсыз десек, бақытсыз боламыз. Тілімізді батыл қолданайық, тіліміздің майын тамызып сөйлейік. Қазір жылына 100 мың оқушы мектеп бітіріп шықса, 80 мыңы қазақша сайрап тұрады. Тілдің дамуына еш кедергі жоқ...» деп нақты мысалмен ашып айтты.
Объяснение: