Берілген үзіндіде автор бейнесі Сартайдың класстас досы Мерген арқылы көрініс тапқан.Шығармадағы көтерілген мәселе,айдағы тіршіліктің бір кезде болып,кейін саналы тіршілік иелерінің әсерінен жоғалып кетуы әңгіме болады.Әкесі оларға : Айдың атмосферасы мен гидросферасы бұрын болған,тіршілік иелері атмосфераны ластап, күннің радиациялық электро магниттік ағымы ғаламшардағы тіршілікті жойып жіберген, - деді.Балалардың көңіл - күйі түсіп кетіп,енді мұнда жасырынбақ ойнамауға бекінді.Олар өз жер ғаламшарының атмосферасын мен гидросфера мен биосферасының тазалығын ойлады.Табиғаттың болашақ тазалығы - жастардың қолында.Сондықтанда жеріміз ай ғаламшары құсап,құлазып қалмас үшін,жеріміздің атмосферасының тазалығын ойлайық.
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)