М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
DENZYSUPER
DENZYSUPER
16.02.2021 09:04 •  Қазақ тiлi

Эссы на тему отбасы казакша 50-60 соз или меньше

👇
Ответ:
qofepvcqj
qofepvcqj
16.02.2021

Отан отбасынан басталады деп бекер айтпаған. Әрбір адамзаттың — алтын ұясы десе алдымен отбасы ойымызға орала кетеді. Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын. Біздің отбасын үлкен отбасы десе де болады. Мен өз отбасым жайлы толығырақ айтқым келеді. Менің отбасымда жеті адам бар. Олар: атам және әжем, анам мен әкем, тәтем мен інім және мен. Біздің отбасымыз бақытты. Отбасының тірегі — сүйіспеншілік, бірлік және сенім. Отбасы жоқ адам қанатсыз құспен тең. Ал бір-бірін сыйлап, бірін-бірі сүйіспеншілікке бөлеп отырған отбасысы, бар адамдар өте бақытты жандар. Себебі қандай да бір қиыншылық болған жағдайда, отбасыңның ауызбіршілігі мықты болса, кез келген қиыншылықтан жұмылған жұдырықтай өте шығасың. Ал мен өзімді ең бақытты жанға теңеймін. Себебі менің отбасым қасымда. Маған ақылын айтып отыратын атам, маңдайым иіскеп айналып отыратын әжем бар. Отбасының барлық жағдайын жасап қамқорлық көрсететін әкем, дәмді асын дайындап, күннің шуағындай мейірімге бөлейтін анам бар. Білмегенімді үйрететін тәтем, меніңде кішкене болса да ересек екенімді еске жиі түсіретін інім бар. Біздің отбасының ерекшелігі дастарқан басында әрдайым атамның асты бастауымен және тамақтан кейін бата берген соң ғана орнымыздан тұрамыз. Әжем бір бірімізге сөйлегенде жылы да мейіріммен сөйлеуімізді әрдайым айтып отырады. Сендер бір біріңе қонақсыңдар. Әрдайым бір біріңді бірінші көргендей және ұзақ уақытта сағынып көргендей бағалаңдар дейді. Мен отбасымның осы қалпынан таймай, бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын.

4,4(50 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
lecsika
lecsika
16.02.2021

Ұлы Ардагер-Партизан Қасым Қайсенов атамыздың "Жау тылындағы бала"шығармасы ерлікке,адамгершілікке толы.Осы шығарманы оқи отырып өзім соғыста болғандай сезіндім.Серік ата-анасынан жетім қалады осы бір жері көзіме жас ұялатып өте бір мұңды күй кештім.Бірақ аса бір адамгершілігі берік Анна Ивановна оны өз алақанына алып бағады.Боря өте ақылды,қайсар,адамгершілігі мол ол Серікпен жақсы дос еді екеуі жақсыны да жаманды да бірге көрген балалар.Серік кішкентай болсада үлкен шару қор ересек адамдардың шаруасына бірден кірісе кететін бала.Бұл шығарма осындай жайттарға толы."Отан үшін отқа түс күймейсің"деген нақыл сөз осыған дөп басылып айтқан болса керек.

Объяснение:

4,8(90 оценок)
Ответ:
TheCool111
TheCool111
16.02.2021

1.Адамзатқа ғаламтордың пайдасы 

Көптеген адамдар, әсіресе ғаламтор қолдауншылары, ғаламтордың адамзаттың ең үлкен қолжетістігі екендігімен келісері анық. Ол, қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге себі мол. 

Оған қоса, ғаламтордың тағы бір артықшылығы - мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Тіпті, әлемдік тор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдар достасып, махаббатарын да тауып жатады.

Танмдық бағдарламаларды көру, жаңа ақпарат алу, білімімізді толықытру, шетел тілдерін үйрену арқылы ғаламторда уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізе аламыз. ей адамдар ғаламтор арқылы мамандық алып, жұмысқа орналасып жатады. Бұлардан бөлек, ғаламторды жолын білгендер табыс көзі ретінде қолдана алады. Соңғы жылдарда дәл осы ғаамтормен байланысты түрлі мамандықтар пайда болған. 

Объяснение:

как то так)

4,6(11 оценок)
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ