HAE 7- Әуез — Тыңдалым оқылым МӘТІНМЕН ЖҰМЫС -тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы. Мұхтар Әуезов 1897 жылы 28 қыргүйекте қазіргі Шығыс Қазақстан облы- сы Абай ауданы Бөрілі ауылында туған. Әкесі Омархан мен атасы сауатты кісілер. Мұхтарды атасы — Әуез бен әжесі — Дінасыл тәрбиелеген, Мұхтардың атасы Абай ауылымен сыйлас болған. Үнемі хабарласып, араласып отырған. Мұхтар алты жасынан Абайдың өлеңдерін жаттап өскен. Жазушының Абай туралы ең үлкен еңбегі «Абай жолы» атты төрт томдық роман-эпопея. Романның 1-томы Абайдың балалық шағынан бас- талады.Жазушы бала Абайдың отбасы, өнеге алған ортасы, шәкірттері жайлы жазды/ Ал романның 4-томы Абайдың қайтыс болуымен аяқталады определить главные слова .и составить план !!
Астананың туған күніне құттықтау.
Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы, елордамыз, отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі Астана қаласының туған күні құтты болсын! Өркениетті еліміздің бас қаласы қарыштап дамып келеді, небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді! Жас та болса, бас болған ару қаламыздың көркейіп, гүлденуінде әрбір қазақстандықтың қосқан үлесі бар! Бас қаламыз жасай берсін, жайнай берсін, гүлдене берсін! Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан астанамыз өсе берсін! Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.
Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап өткен болатын! Сондықтан осындай жемісті күндеріміз көп болғай! Астанамыздың туған күні тағы да құтты болсын!
Мәтінде қою әріппен жазылған сөздер - неологизмдер.