2. Деңгейлік тапсырманы орындаңдар. 1-деңгей. Оқылым мәтінінде қою қаріппен берілген сөздердегі буын үндестігін түсін- діріңдер. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздер бар ма? Себебін анықтаңдар. 2-деңгей. Мәтіндегі амандасуды, сыпайылықты білдіретін сөздер мен тіркестерді қа- тыстырып сұхбат құрыңдар. 3-деңгей. «Мәтіндегі амандық сұрасудан нені байқауға болады?» деген тақырыпта шағын ойтолғау жазыңдар. Буын үндестігіне бағынатын және бағынбайтын сөздерді бөліп көрсетіңдер
Алғашқы редакторы көрнекті қазақ ақыны Мұзафар Әлімбаев. Жауапты хатшысы Ә.Дүйсенбаев, бөлім меңгерушілері Б.Соқпақбаев пен Қ.Мырзалиевтар сүбелі үлес қосты. Қазір "Балдырған" журналын көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиев басқарады.
Журнал беттерінде А.Жаманбалаев, Н.Сералин, Қ.Ыдырысов, С.Қалиев, Қ.Жұмағалиев, Ш.Смаханұлы, Ж.Әбдірашев, М.Қабанбай, С.Жүнісов, Ф.Оңғарсынова т.б. ақын-жазушылар шығармалары басылып тұрды. Журнал айдарлары: "Бала тілі бал", "Кел, ойнайық", "Жаттап алу оңай", "Жұмбақтар" т.б. 20 ғасырдың 70-жылдары "Балдырған" таралымы 200 мың данаға жетті, қазір 30 мың дана.