Объяснение:
Дені сау ұрпақ-қуатты күш
Болашақ жас ұрпақтардың қолында екені рас. Сондықтан олар осыны біле жүрумен қатар, соны ой жадында қорыта алып, әрекетке көшсе ғой. Әрекетке көшу керек дегені қазірден бастап өздерін дайындай бастауы. Қазіргі кезде жастардың спортпен айналып жүргенін сирек көреміз, өйткені ғаламтордың әсерінен. Спортпен айналысып, дұрыс тамақтанып жүрсе дендері сау болады. Бұл болашақта өмір жасының ұзақ болуына да әсер етеді. Әрдайым тек жақсы жаққа ұмтылу керек. Болашақта барлығы дұрыс болу үшін, қазірден жас ұрпақтарды тәрбиелей бастау қажет. Себебі "дені сау ұрпақ-қуатты күш" екенін ұмытпайық.
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған