М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
vsalchenkoovhi36
vsalchenkoovhi36
17.05.2021 10:02 •  Қазақ тiлi

Әңгімедегі суреттелген жағдай бойынша пікірталас ұйымдастырындар мәтінде көтерілген мәселе қай жерде кездесетіні;
жастардың не себепті ауылдан қалаға көшетіні;
пәтер іздеудің басты себептері;
осы әлеуметтік мәселені шешудің жолдары;
көпшілік алдында сөз сөйлеуде өз ойын еркін жеткізуі

МӘТІН

Барахолкадан бір-ақ шықтық. Көше бойымен әр дарбазаға жалтақтай қарап, барлап келемін. Бір кезде пәтер жалдаймын деген жазу көзіме шоқтай басылды. Қуанғаннан айқайлап жібере жаздап, бетімді шымшып өзімді әрең тежедім. Қожайын ұйғыр әйел екен, бізді суық қарсы алды.
Айнадай жарқыраған жап-жаңа үйдің қарсы алдындағы тозығы жеткен үлкен үйдің іші сасық исі мүңкіген қараңғы дәліз екен. Артынан еріп келеміз. Таусылып болмайтын бұрылмасы көп дәліздің түбіне барып бір-ақ тірелдік. Ең соңғы бөлме, ең соңғы үмітім. Көзім сәл үйірлескендей болды. Қоян екеш қоян да інін дәл бұлай қаза алмас-ау, сірә!?
Енді байқадым, үлкен бір залды келсін-келмесін, иттің ұясындай қылып сансыз бөлмелерге бөліпті. Тақтаймен бөлсе бір сәрі. Қыртыспен қиюластыра беріпті. Соның керегеге тірелген соңғы қуысы бізге бұйырып тұр. Саңылауларының ар жағында пәтершілердің қарасы анық көрінеді. Сол сәт арғы беттен сәбидің шырқырап жылаған ащы үні естілді. Қыртыс қабырғаның үстіңгі жағы төбеге бір қарыс жетпей қалыпты да, сол ашық аралыққа небары жалғыз ғана шырақ орнатыпты. Арғы жақ пен бергі жақ сол жалғыз шыраққа тәуелді. Егер шырақ сөнсе, екі жақ та жарықсыз қалады. Есік жақ қабырға да итеріп қалсаң құлап түсердей, қаусап әрең тұр...
— Қоныс жәйлі болсын, – деген дауысқа жалт қарасам, аппақ сақалы кеудесін жапқан қария қарап тұр екен, қапелімде сасып қалдым.
— Бірге болсын, ата, – деппін.
— Е-е, балам менсінбей тұрсың-ау, ә! «Ер жігіт бір терінің ішінде неше арып, неше семіреді». Біз де жүрміз ғой! – деді солқ-солқ күліп. Осы арада қожайын әйел киіп кетті.
— Алсаңдар осы үй бос, он мың теңге, қарап тұратын уақыт жоқ, тез шешіңдер.
Келіншегім маған қарады, мен келіншегіме қарадым. Екеуімізде де үн жоқ. Қария күлімсіреп: «Әй, балаларым-ай!» деп басын шайқап қояды.
— Аяғым ісіп кетті, жетім бұрышқа енді бармай-ақ қояйықшы. Өкшем ойылып қалды-ау деймін, удай ашып тұрғаны.
— Келістік, – дедім. Аузымнан осы сөз қалай шыққанын да сезбей қалдым. Артынша елден қай жеріміз артық, өзіміз сияқты қазақтар екен ғой осында пәтер жалдап жүрген, – деп қоям күбірлеп. Өзімді-өзім жұбатқан түрім.
— Мына үйде бір нәрсе жетіспейді, – деді келіншегім, аналар кеткесін сылқ-сылқ күліп. – Бір нәрсе жоқ.
— Бір нәрсе?! Бір нәрсе ғана емес, бұл үйде ештеңе жоқ.
— Бір нәрсе ғана жоқ.
— Телевизор ма?
— Жоқ.
— Айна...
— Қойшы, айна біздің не теңіміз. Өзің соқырмысың. Көзіңді ашып қарасайшы.
— Өзің айтшы ал.
Кенет жарық жалп етіп сөне қалды.
— Өй, жарыққа не болды, – деп сасып қалдым.
— Мен өшірдім, – дейді келіншегім сыңғырлап.
— Жындымысың, жақ шырақты.
— Не нәрсе жоқ екенін тапсаң жағам.
— Бәрі жоқ бұл үйде. Ештеңе жоқ.
— Әдейі істеп тұрсың ба, әлде, соған да миың жетпей тұр ма?
— Бала қорқады, жарықты жағыңдар, – деген еркек дауысы шықты қыртыс қабырғаның ар жағынан.
— Терезе жоқ, – деген әйел дауысы шықты қырсық қабырғаның ары жағынан. Шырақ жарқ етіп жана қалды.
— Терезе жоқ дейді?
— Иә, терезе жоқ, – деді келіншегім.
— Терезе жок, – деп қарқылдап күлді ер мен әйел.
— Терезесі жоқ үй де болады екен-ау, ә.
Бөлмелер бөлек-бөлек болғанымен ауасы ортақ екен. Терезенің пайдасын енді білдім. Мүңкіген иіс қолқамды қауып барады. Мұрныма арақтың сасық исі келді, оған анда-санда темекінің түтіні қосылады. Сөйтіп жатып ұйықтап кетіппін.

👇
Ответ:

ол қалай пікір талас деген түсінбедім түсіндірсен істеп бере аламын

4,7(56 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
arsenteva220103
arsenteva220103
17.05.2021
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
 Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». 
4,5(49 оценок)
Ответ:
Fakla
Fakla
17.05.2021

Жақсы дос – жан азығы. Досқа деген сыйластық сезімі – әр адамның бойында бар қасиет. Сыйластық сезім достар арасында берік орын алса, адам ешқашан жалғыздық көрмейді. Достардың бір-біріне деген құрметі зор болса, ол қиындықтан шығуда да, өмірдегі мақсатына жетуде де үлкен демеу болмақ.
Ол үлкен өмір жолынан өткен, тәжірибеде жинақталған, қиындықта сыналған сыйластық болса, анағұрлым берік болмақ. Көп жылдан бері қыры мен сырын білетін, өмірдің талай сынында жаныңа серік болып, үнемі қасыңнан табылатын дос туысқаныңдай болып жүрегіңнен берік орын алады екен. Халық даналығында «Киімнің жаңасы, достың ескісі жақсы» деп бекер айтпаған.

Достық - адамдардың бір-біріне адал, өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қайшылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос - жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі заңды. Мысалы, біреуінде қызбалық, екіншісінде, тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз дос осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі.

4,7(28 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ