Мен жақында Джеймс Лейн Алленнің «Дәл бүгінгі күннен бастап» деген тамаша бағдарламасымен танысты. Ол елірін жақсарту әр адамның өз қолында екенін айтады. Адам алдына нақты мақсат қойса, ол бәрібір соған жетеді. Бұл туралы галым былай деп жазыпты: «А өзінің айналасна, басқаларға деген көзқарасын, ниетін өзгертсе, олардың да бүган деген қатынасы озгереді. Адам өзінің ой пікірін, ниетін өзгертсе, оның өмірі де өзгереді . Яғни, тагдырымыз өз қолымызда. Сондықтан да оз бақытымыз үшін өзіміз күресейін. Сіздерге өз бағдарламамды ұсынамын. Сонымен, бүгіннен бастап «Мен бақыттымын» деген сөзді басшылыққа аламын; – бүгіннен бастап мен өзімнің ой-өрісімді, білілімді кеңейтемін. Ой қозғауға күш беретін кітаптар оқимын, – бүгіннен бастап барлық адамға достық ниетпен қараймын, Адамдармен дауыс көтермей сөйлесемін, ешкімді сынамауға, ешкімге жөнсіз тиіспеуге тырысамын, қарым-қатынас әдебін сақтаймын; - бүгіннен бастап мен өз істерімді жоспарлап, күн сайын не істейтінімді жазып отырамын; ерік-күшімді тәрбиелеймін қолға аламын; Бәріміз осы бағдарламаны берік ұстансаң, өміріміз жақсарып, айналадағы адамдармен қарым-қатынасымыз ізгілікке, сүйіспеншілікке құрылатын болады» Маған бұл бағдарлама ой салды. Оны достарыма көрсеттім. Бағдарлама достарыма да өте ұнады. Бағдарламада адамның тағдырында тілдің үлкен рөл атқаратынын көрсетілген. Мен бұл бағдарламаның тіл үйренуге де көмегі болатынына сенемін,.из видеоенних слов на фото составить словосочетания .
Бұл бір ұзақ ертегі. Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Қысқаша айтатын болсақ, ертеде жылан патша болады, ол біраз жылдардан соң өз тамағының ерекше болғанын қалап, маса мен шіркейді өзіне шақырады. Оларға дүниеге ең тәтті қан кімдікі екенін біліп келуді тапсырады. Ең тәтті қанды анықтаған маса жылан хабарлауға асығып ұшып келе жатқанда қарлығаш жолығады. Масаны мақтап кімнің қаны тәтті екен, бізбен де бөліссеңші,- дейді, мақтағанға масаттанған маса, ең тәтті қан адам қаны екенің айтады. Қарлығаш оған сондай қанның дәмін татқан, тіліңді көрсетші,- дейді. Сол кезде масаның тілін жұлып алады. Маса жыланның алдын келіп ештеңе айта алмай, ызыңдайды, сонда қарлығаш, ең тәтті топырақ,- деп тұр дейді жыланға. Бірақ, маса еңіреп жылап, қарлығаштан болғанын көрсетеді. Жылан бар бәле сенен болған екен ,- деп тұр ұмтылғанда қарлығаш ұшып кетеді, ал құйрығы жыланда қалады. Содан бері қарлығаштың құйрығы айыр екен.
Қазақ халқы салт-дәстүрге қатты қарайды. Оны барынша сақтауға тырысады. Атадан балаға сан ғасырлары бойы беріліп, жалғасын тауып келеді. Салт-дәстүрлердің түрі көп. Мүмкін оның дұрысы да бұрысы да бар шығар. Сондай дәстүрлердің бірі бала туылысымен, оны өзге сондай нәресте қызбен атастырған. Бұны, әрине қолдай қою қиын. Өсе келе жастар үшін бұл дұрыс шешім болмауы да мүмкін. Ал, шілдехана, бесік той, сүндетке отырғызу, оған сүндет той жасау, бұлар менімше дұрыс салт. Жаңадан көшіп келген көршіге үй көрсетіп, дәм таттыру бұл да біздің жақсы дәстүрлеріміздің бірі.